Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

+18 қалтамызды қағып барады

09 Сәуір 2014, 17:16
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Телефон күнделікті қатынас құралы ғана емес, қылмыс пен алаяқтықтың негізгі көзіне айналғандай. Әсіресе, аңқау елге арамза молдалық еткендер қызық іздеп құмартқандарды тақырға отырғызып кетіп жатқанын күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Нәпсісін тыя алмағандар үшін тіпті ақылы телефон қоңырауы арқылы нәпсіңді қоздырып, он мыңдап қарызға кіргізіп жіберетіндер де баршылық. Бұрын шетелдік фильмде көретін мұндай қызмет қазір қазақ елінде де үлкен сұранысқа түсіп үлгерген. Телефонмен кісі тонаушылар жайында «Алаш айнасы» тілшісі зерттеу жүргізген еді.

Иә, әңгіме бұзау емізеді. Демек кейін таяқ жегізіп, нөлдері көбейген санға толы есепшот келгенде ғана санды бір соғып, сұқ саусақты шайнататыны жасырын емес. Күнікеше ғана әскерде Отан алдындағы борышын өтеп оралған оралдық жас жігіт те аңдамай жүріп от басып осындай алаяқтықтың құрбаны болыпты. 900 мың теңгені «Қазақтелекомның» есепшотына құю қажеттігі туралы қағаз келгенде ата-анасы да абдырап қалған екен. Дегенмен, қарыз болған соң сот заң арқылы өндіріліп алыпты.

Техниканың дамыған заманында біреулері теледидар арқылы сөзжұмбақ жасырса, ендібіреулері қалта телефонына хабарламалар жіберіп миллион ұтқанын, бірақ ақшаны алу үшін белгілі бір соманы төлеу қажеттігін айтады. Ендібіреуі телефон арқылы балалары мен немерелерінің есірткі заттарымен ұсталып, құқық қорғаушыларының құрығынан құтқару үшін ақша сұрайтынын қайтерсің. Аталған мәселе қазір елдің кез-келген аймағындағы құқық қорғаушыларының басын қатырған күрделі жайға айналған.

Телефон ұрлығы мен алаяқтығы қазір еліміздегі ең кең таралған қылмысқа жатқызылады. Жақында ғана Көкшетаудың тәртіп сақшылары телефонмен өзін әлеуметтік қызметкер деп таныстырып, қарияның сеніміне кіру арқылы мың доллар шамасындағы жинаған қаржысын жымқырған алаяқты қолға түсірді, - дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Абдрахманова.

Қазір не көп әлем-жәлем жарнамалары бар агенттіктер мен сайттар жетерлік. Әрбіреуі түрліше қызмет түрлерін ұсынады. Бірі болашағыңды болжаймын деп сәуегейлік танытса, келесісі май-шелпекке батырып ақшаға қарық қылуға уәде төгеді.

Аталған мәселе бойынша бірқатар шаралар қолданылғанымен, түп тамырымен жою қолдан келмей тұр.

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай