Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Жаяу жүрсеңіз – 9 мың теңге айыппұл төлейсіз...

21 Сәуір 2014, 18:42
0
©akpspb.ru фото
©akpspb.ru фото

Жаяу жүргіншілер жолағының пайда болғанына да 60 жылдан астам уақыт өтіпті. Жалпақ тілде «зебра» аталып кеткен жолақ жол ең алғаш Ұлыбританиядан бастау алған. Одан кейін оны германиялықтар іліп әкетсе керек. Содан бері жүргізушілер жаяу жүргіншілерді жол қатынастарының қатысушылары санай бастады. Бүгіне жаяу жүргіншілердің кесірінен орын алып жатқан жол көлік оқиғалары жетерлік. Бағдаршамның тұсынан, не болмаса жолақ жолдан айналып өтуге ерінгендер көбіне арғы дүниеге «кезексіз» кетіп қалуы мүмкін екендігін ескермейтіндігі өкінішті.

Астана, Алматы сынды ірі мегаполистерде жүргізушілер мәдениетін терең меңгерген деуге болады. Ал шымкенттік жүргізушілердің әлі ондай мәдениетке жетуіне біраз уақыт керек. Олай деуімізге себеп: жаяу жүргіншілер жолағында өзінің құқын пайдаланып өтіп кете беруге көп адам қорқады. Өйткені Х нөмірлі көліктің жүргізушілері жолақты көзге ілмейді десе де болады. Х нөмір қорынышты нөмірге айналғалы қашан? Бұрын да солай еді, бүгінде өзгерді деп айтуға ауыз бармайды (тағы да сол қорқынышты 13 санын иемденгендіктен болар). «Техастық» жаяу жүргіншілер жолаққа келген соң «екі шоқып бір қарау» позициясын ұстанады (сақтанғанды сақтайтынын жадқа мықтап жаттап алған өйткені). Жолаққа келіп бір аяқты салып күтеді жүргізуші тоқтай ма, тоқтамай ма деп. Жүргізуші тоқтап басын изеп өте бер деп белгі берген соң ғана екі жаққа алақтап өтуге мәжбүр (басып кетуі әбден мүмкін). Бағдаршамы жоқ жердегі жаяу жүргіншілер жолағы өте қауіпті аймақтардың бірі. Бұрын жалпақ етіп ақ қара сызықпен көмкерілген жолақтар кейіннен жүргізушілер оны да елемейтін болған соң сары ала жолаққа айналды. Жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасы сонда да тиылмаған соң оның алдына «ұйқыашар» жолақтар орнатылды. Яғни көліктің доңғалақтарын дірілдетіп, жүргізушінің миына «абайла» деген сигнал беретін ескерту белгісі. Бірақ соған да қарамастан бүгінде жолақта кетіп бара жатқан жүргіншілерді қағып кету оқиғалары азаймай тұр. Шымкенттегі цирк ғимаратының қасында жүргіншілер жолағы бар. Қарсы беттегі қонақ үймен аралықта орналасқан. Жүргізушілер мән бермей ме жуырда ғана осы жолақта бір әйелді көлік қағып кетті. Бір бұл ғана емес жыл басынан бері осындай 273 оқиға орын алған. Соның кесірінен 28 адам көз жұмған. Ал 245-і түрлі дене жарақаттарын алған. Бұған тек жүргізушілер ғана кінәлі емес, әрине. Көп жағдайда бағдаршам түгілі жолақ жоқ жерден өтпек болған жүргіншілердің өздері де кінәлі.

 

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай