11 мамыр 2014 18:35

Украинаның шығысы: қарама-қайшылыққа толы референдум

ПОДЕЛИТЬСЯ

rian.com.ua фото rian.com.ua фото

 Бүгін Украинаның Донецк және Луганскі облыстарында аталған аймақтардың болашағын айқындауы-мыс жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Бұл шараға күмәнді реңк беруімізге оны ресми Киевтен бастап бүкіл әлем мойындамай отырғандығынан боп отырғанын баса айта кетелік. Бірақ бір жағынан орын алған фактіні жоққа шығаруға тағы болмайды...

Екі өңірде өтіп жатқан референдум ел ішіндегі шиеленісті одан әрмен үдетіп тұр. Оқ атылып, референдум өткізуге қарсылық білдірушілер белсенділік танытуда. Мәселен, «Твиттердегі» жазбаға сенсек, Горловкадағы бір жоғары оқу орынның ректоры таңертең есік ашпай, ғимаратты босатпайтынын айтыпты. Ал Украинаның Ұлттық гвардиясы Луганскінің солтүстік аудандарында мықтап бекініс орнатқан. Сөйтіп олар ресми Киев мойындамаған аймақтар мәртебесін айқындаушы шараға келем деушілердің жолын кескен. Сайлауды өткізушілердің өзі болса, мұндағы жағдайдың қалыпты екенін айтады.

«Референдум басталып кетті, әрине, қиындықтар бар, бірақ сайлау учаскелерінің басым бөлігі белгіленген уақытта ашылып, дауыс қабылдап жатыр. Қазір референдум өткізуде Мариуполь ең күрделісі боп тұр, өйткені онда тек сегіз сайлау учаскесі ашылған» дейді «Донецк халықтық республикасы» деп аталған сайлау комиссиясы орталығының үйлестіруші Борис Литвинов бүгінгі баспасөз алдындағы мәлімдемесінде.

Кеше ғана қаралы күн жарияланған Мариуполь ресми биліктің қолына көшкен. Сондықтан онда заңға қайшы сайлау өткізуге жол берілмеуі ықтимал. Славянскідегі жағдай да осындай.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети