15 мамыр 2014 10:25

Қазақы төбеттің тұқымын сақтап қала аламыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

sobakan.com фото sobakan.com фото

 Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде спорттың белгілі бір түрі ретінде төбелескіш иттер бизнесін заңдастырған жалғыз ел болып саналады. Бүгінде бұл сала жақсы дамып кетті деп айтуға әлі ертерек. Дегенмен иттерді баптап өсіретін питомниктердің жұмысы жақсы жолға қойылған. Әсіресе азулы арлан баптайтын мықты питомниктер Атырауда, Оралда бар. Өзге өңірлерде де өз беттерімен ит баптаушылар баршылық. Жыл сайын болмаса да жыл аралатып төбелескіш иттер арасында аламан бәйге өткізіліп тұрады.


 Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде спорттың белгілі бір түрі ретінде төбелескіш иттер бизнесін заңдастырған жалғыз ел болып саналады. Бүгінде бұл сала жақсы дамып кетті деп айтуға әлі ертерек. Дегенмен иттерді баптап өсіретін питомниктердің жұмысы жақсы жолға қойылған. Әсіресе азулы арлан баптайтын мықты питомниктер Атырауда, Оралда бар. Өзге өңірлерде де өз беттерімен ит баптаушылар баршылық. Жыл сайын болмаса да жыл аралатып төбелескіш иттер арасында аламан бәйге өткізіліп тұрады.

Еліміздің иттер тартысында топ жарып, бәйге алған сырттанның бағасы бүгінде бес мың доллардан кем түспейді. Чемпион әкесінің арқасында күшігінің бағасы да арзан емес. Кемі 500 доллар тұрады. Әзірге бұл спорттың бір түрі ретінде мойындалмағанымен азулы арландар бизнесінің дамуына көп үлес қосуда. Бүгінде ит төбелесінің көрігін қыздырып жүргендердің айтуынша тұрқы ірі, азулы арландарды арнайы алдырып баптайтындардың қатары көбейген. Таза қазақы тұқымды төбеттер азайып барады деп дабыл қағып жүрген шақта бұл да тал қармаудың бір амалы болып тұр. Кәнігі итбегілер іздеп жүріп алыс ауылдардан, қойшылардан аттай қалап алып, тұқымын көбейтіп өнегелі істің өрісін кеңейтуде. Құптарлық-ақ іс, әрине. Ит төбелестіру бизнесінің арқасында қазақы төбеттің тұқымын көбейтіп алсақ, онда жарағанымыз... Талай тістіні тізе бүктірген алабай тұқымдасының бүгінде бәсі жоғары. Төбелеске бейім, тұрқы таудай иттерді бүгінде базарларда қымбат бағаға саудалап жатқандар көп. Дегенмен, сыртқы пошымы зор болғанымен сырттандар тым ауырғыш келеді дейді мал мамандары. Егер иесі күшік кезінен қажетті дәрі-дәрмегін беріп тұрмаса ажал тырнағына ілігуі оп-оңай. Әрі бізде дамыған шетелдегідей итіңіз ауырса жетіп келетін «Жедел жәрдеміңіз» қайда? Облыс орталықтарының өзінде иттерге укол салып, ем-дом жасайтын орталықтарыңыздың өзі жоқтың қасы деуге болады. Иттерге қызмет көрсететін орталықтардың ашылуын ұзақ, тым ұзақ күтуге тура келетін сыңайлы. Итбегілердің айтуынша кішкене күшік кезінен алысқанын алып жығатын, азулы арлан өсіріп шығару үшін ерінбей еңбектену қажет. Оралдық Аккуш атты ит былтыр елімізде өткен жетінші халықаралық турнирде қарсыластарын түгелдей жеңіп, чемпион атаныпты. Нөкер атты ит де қарсыласын шаң қаптыратын азулылардың қатарында. Спорттың әрі бизнестің бір түрі елімізде кенжелеп қалғанымен де оралдық қазақы төбеттер халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын талай мәрте қорғады. Ақтөбе мен Атырау қалаларында ит төбелестіру ай сайын өтетін дәстүрлі жарыс секілді жалғасын тапқан. Шымкентте өтетін ит төбелесінің көрігін ташкенттіктер қыздырады. Асыл тұқымды иттерін жетектеп келетін көрші елдегілер тіпті бас бәйгеге автокөлік тіккен кездері де болған. Ит төбелесінің ережесіз төбелес секілді халық арасында қызығушылары да, қолдаушылары да көп. Ит арқасы қияннан келіп тамашалайтындары да баршылық. Тіпті кезінде Шымкентте өткен ит төбелесін таспаға түсіріп, деректі фильм ретінде сатылымға түскені де бар... Құзырлы орган қызметкерлері де тісі түсіп, қайраты қайтса да төбелескіш иттерге құда түскіш екен. Мұндай «зейнеткерлікке» шыққан төбеттерді аттай қалап алып кететін көрінеді. Себебі, күзет қызметіне таптырмас серік...

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети