Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Қараусыз жатқан 5 миллион гектар жердің иелері кімдер?

19 Мамыр 2014, 17:32
0
iseekmate.com фото
iseekmate.com фото

 Бізде өркениетті елдердегідей заңның қызығын халық емес, шенеуніктер көретін секілді. Жалпылама күнделікті күйбең тіршілікте кездесетін кейбір жайттар осыны аңғартып жатады. Мысалы, жер мәселесі. Шенділер қазір «мемлекеттің мұқтажы үшін» дегенді желеу етіп, өнім алып, ұдайы күтіп-баптап отырғандардың ұлтарақтай жерін дауға салып жүрсе, ал жылдар бойына игерілмей, тоз-тозы шығып жатқан даладай жердің иелеріне келгенде, олар көрмей қалады. Тіпті, ондайда қолда бар заңнан да қауқар болмайды. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы өңірдің басшы-қосшылары алдында осы өзекті мәселені көтерді...

«... Бұл облыс арқылы халықаралық маңыздағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолдары, теміржол өтеді. Енді газ магистралы өтеді. Барлық жағдай жасалып жатыр, облысқа қажетінің барлығы. Бұл трассалар бойында ірі магистралға қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпорындар бой көтеруі тиіс. Оңтүстік Қазақстанда әр алақандай жер, әсіресе мынандай «өтімді» орындардағысы бос тұрса да баяғыда иемделіп қойылғаны ешкімге жасырын емес шығар» деген Елбасы өзінің аталған жұмыс сапары барысында өңірдің басшысына жер мәселесіне нүкте қоюды қатаң тапсырды. «Шынын айтқанда, мұның барлығы шенеуніктердікі. Кезінде олар жерді құрылыс салу үшін немесе ауылшаруашылығы мақсатына пайдаланам деп алды, ал қазір оның бірі де жоқ, бірақ жерді босқа ұстап отыр. Сот, заң арқылы барлығын қайтару керек! Кім болса, ол болсын, маңызды емес! Егер қайтармай жатса, маған айтыңдар» деді өз сөзінде Н.Назарбаев.

Бұл – майлы шелпекке бөккен өңір шенділеріне қатысты бір ғана факті. Еліміздің қай облысына барсаңыз да Елбасы сөз еткен олқылықтан сүрініп аяқ баса алмасыңыз анық. Мысалы, еліміздің жері шүйгін, сулы да нулы деген жайылымдық жерінің қазір тең жартысы, цифрмен айтқанда, 5 миллион гектары пайдаланылмай босқа жатыр. Иелері жоқ емес, бар, бірақ жерді игеруге олардың құлқы жоқ. Себебі «кабинет қызметкерлерінің» дөйдаладағы жерін игеруіне уақыты тапшы. Ал бұл сәтте жерден өнім алып, шындап еңбектенемін деп түрлі құзырлы мекеме есігін қағып жүргендерге, парадокс, «жер жоқ» делінеді. Айналып келгенде, жер телімін бөлу мәселесі айналасындағы шенеуніктердің жең астынан жалғасқан сыбайлас-жемқорлығы бүтін агросектордың, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тежеліс жасауда.

Жалпы, отандық мамандар жер мәселесіне нүкте қоятын уақыт баяғыда жетті деп санайды. Оны біржақты ету де қиын емес екен. Бірақ бұл арадағы мәселе – билік қолында саяси еріктің жоқтығында көрінеді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай