26 мамыр 2014 09:58

Жаһандық экономикалық интеграцияға жаңа, тиімді әрі әділ архитектура керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Жер жаһанның алдында тұрған түрлі келеңсіздіктер туралы ашық пікірталас алаңын құраған Астана экономикалық форумы жетінші рет елордада жалауын көтерді. Былтырдан бері Біріккен Ұлттар ұйымының демеуімен форум аясында Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция да өткізіле бастаған. Әлемнің көшбасшы тұлғалары, беделі зор сәуегей саясаткерлері, қаржы һәм экономика саласының элиталары, мемлекет қайраткерлері, сақа сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардың басшылары Қазақ елінің астанасында тағы да бас қосып, жаһан үшін жайлы жолды іздестіру мақсатында пікір таластыруға жиналған болатын. Астана экономикалық форумының бұл жолғы жаңалықтары туралы «Алаш айнасы» интернет газетінің (ахиреф қоя салсаңыз) тілшісі таратады.

Үш күнге жалғасқан алқалы жиынның пленарлық отырысына форум авторы әрі жиынның негізін қалаушы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Ал Мемлекет басшысынан бұрын планерлық отырыстың тізгіншісі Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов Астана экономикалық форумының маңызы туралы баяндап, бүгінгі жаһан алдында жаңа қаржылық жағдай ушығудың қаупінде тұрғанына назар аудартып еді. «Экономика тұрғысынан алсақ, кім-кімге де күрделі тиген қаржы дағдарысынан әлем елдері әлі де есін толық жиып біткен жоқ. БРИК елдерінің дамуы болжанғаннан төмен қалыпта тұр, сәйкессінше ғаламдық тұтыну шабандап, жұмыссыздық атты нәубет белең алып барады. Бұған қоса, қазіргі таңда қаржы дағдарысына саяси-әлеуметтік сипаттағы дағдарыс қосылып, жаһандық үйлесімге ешкімнің қауқары қалмағандай күйдеміз. Бұндай жағдайда жаһандық мәселелердің шешімін табу қиынның қиыны», - дейді Петр Стоянов. Оның айтуынша, әлем алмағайып күйді басынан кешіріп отырған тұста дара шабамын деу бекершілік. Ендеше барша ел күш біріктіруі, ортақ шешімдер үшін бас қосуы керек. Сол тұрғыдан алғанда Қазақстан Президентінің G-global платформасы аса өзекті болып табылады. «Бұл G-20 мен G-8-ге де ешқандай балама емес, дегенмен бұл - дүние дискуциясын толықтыратын қосымша құрал. Сондықтан да, біздің ойымызша, Астана экономикалық форумының жылдан жылға табысты бола түсетіні сөзсіз», - деді Болгарияның экс-президенті.

Форумның өңірлік пікірталас алаңынан шығып, жаһандық экономикалық ахуалды қаузайтын деңгейіндегі маңызға ие болғанын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өз сөзінде дәлелдеп айтты. Ал жаһандық күн тәртібі туралы мәселе турасында Президент әлемдегi жағдай барлық елдердi әлi де алаңдаушылықта ұстап отырғанын алға тартты. «Бiз әлемдiк үрдiстер дамуының түрлi нұсқаларына дайын болуымыз керек. Жаһандық қаржы, қарыз дағдарысының және еуроаймақтағы әлеуметтiк шиеленiс пен араб елдерiндегi бiрқатар әлеуметтiк дүрбелеңдердiң басылмай жатқан жаңғырықтарымен қатар, бiз жаңа қауiп-қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бiрiншiден, дамыған мемлекеттер экономикасы қалпына келе бастаған тұста экономикасы дамып келе жатқан елдердің бәсекеге қабiлеттiлiгi құлдырай бастады. Сарапшылар капитал ауысуының үдеуiн болжап отыр. Бұл жағымсыз сценарий бойынша дамушы елдерге инвестицияның 50 және одан да көп пайызға қысқаруына алып келуi мүмкiн. Екiншiден, табыс теңсiздiгi ұдайы өсуде. Өмiр сапасына байланысты бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғаюда. Бұл өз кезегiнде әлеуметтiк шиеленiстi күшейтеді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети