Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.56
EUR / KZT - 374.46
CNY / KZT - 48.08
RUB / KZT - 5.51

Қазақ мектептерін жапқысы келетіндер мемлекеттік саясатқа қарсы ма?!

26 Мамыр 2014, 19:10
0

 Павлодар облысының Байдала ауылындағы жалғыз қазақ мектебі жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл жайлы «31 телеарна» тілшілеріне жергілікті халық хабар берген. Олардың айтуынша, мектептің жабылуын алғашында білім бөліміндегілер "мектеп лизенция алмаған" дегенмен түсіндірген. Артынша «мектеп талапқа сай емес, асханасы жоқ, дәретхана да далада» деген сияқты кемшіліктерді алға тартқан көрінеді.

Тұрғындар болса, ауылдағы жалғыз бастауыш мектепті жабамыз дегенді түсінбей дал.

Шәріп НҮРПЕЙІСОВ, ауыл тұрғыны:

– Байдаладағы бұл мектепте елу бала білім алады. Ал бесінші сыныптан бастап, ауылдықтар тоқсан оқушыны 8 шақырым жердегі Кенжекөл елдімекеніне апарып-әкеліп оқытады. Шенеуніктер, орта мектеп ашылады деп қуантқан еді. Бірақ артынан ойланып қалған ба, әйтеуір ол туралы ешкім сөз қозғамайды. Есесіне ауылдағы жалғыз мектепті жабамыз деп құлшынып отыр.

Ертісбай ӘЛІМБАЕВ, мектеп күзетшісі:

– Қоғам белсенділері «бұл қазақ мектептерін құртудың бастамасы болуы мүмкін» деп алаңдап отыр. Өйткені кез келген қазақ ауылдарындағы мектептердің асханасы жоқ және дәретханасы да ішінде емес. Сонда қалай болғаны, енді қазақ мектептерінің бәрін жаба ма?

Роза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, қоғам белсендісі:

– Жаңа мектептің салынуы ауылдықтарды бірталай қиындықтан арылтатынына азаматтар сенімді. Орта мектеп бой көтерсе, спортзал да, кітапхана да, мәдениет орны да болады. Ал қазір "лизенция алмағаны үшін жабылады" деп тұрғындарды хабардар еткен білім бөліміндегілер, алдыңғы айтқандарынан айнып қалыпты.

Ләйлә ЖҮСІПОВА, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

– 753300 адам тұратын Павлодар облысында 87218 оқушы бар. Олардың 38972-сі қазақ тілінде, 48246-сы орыс тілінде білім алады. Облыс бойынша 406 мектептің 161-і аралас, 89-ы орыс тілді және 156-сы қазақ тіліндегі мектептер.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деп дана халық теке айтпаған. Шамасы бұл мәселеге журналистер араласқан соң райынан қатқан болуы ықтимал. Олай болса, білім басшылары шу басылған соң бұл мәселені қайта қолға алуы мүмкін.

Жалпы, соңғы жылдары қазақ мектептерінің жабылуына жиі куә болатын болдық. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы Қостанай облысына қарасты Абай ауылында жалғыз қазақ мектебі жабылған болатын. Дәл сол жылы Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха қаласында да жалғыз қазақ мектебі жабылды. Біріншісінің жабылуына себеп болған – оқушы санының жетіспеушлігі болған. Қазағы аз бұл аймақта бала санының аз болуы заңдылық. Егер қазақ мектебі жабылса, онда балалар орыс тілінде оқуға немесе қазақтар өзге аймақтарға көшуге мәжбір болады. Елбасының өзі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, халықтың 95 пайызын қазақша сөйлетуге атсалысып, солтүстік аймақтағы қазақтардың санын арттыруға күш салып жатқанда, жергілікті атқамінерлердің бұл ісі түсініксіз.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай