Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қол жетімді баспана, бұйырып жатыр басқаға...

27 Мамыр 2014, 12:29
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 «Елімізде баспана алуға кезекке тұрғандар саны 1,5 жылдың ішінде 80%-ға артқан». Бұл деректі Мәжілісмен Талғат Ерғалиев мырза келтіріп отыр. Расында да, елімізде баспанаға деген қажеттілік жыл өткен сайын артып барады. Жастар отау құрып, елімізде көтеріліп жатқан шаңырақтардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқанын ескерсек, баспанаға деген сұраныстың арту себебін де түсінуге болады. Алайда елімізде қаншама тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істеп, тұрғын үй құрылыстары да толассыз жүріп жатқанымен баспана мәселесінің шешілу орнына жыл өткен сайын неге күрделеніп бара жатқаны түсініксіз.

Қазақты 2005-2010 жылдарға созылған «мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасы» да үйлі ете алмады. Қазақтың бас ауруына айналған баспана мәселесін шешіп бере алмады. «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы да халықтың қолын өз үйінің кілтіне жеткізер емес. Өйткені мемлекеттік бағдарламамен 2020 жылға дейін есептелген баспана алу кезегі жылжымай тұр. «Тіпті мына қарқынмен қазіргі кезектегі халық 2020 жылы да үйлі бола алмайды» дейді мамандар. Жасалып жатқан бағдарламалар халықты қарық қыла алмаса не істеуіміз керек?!

Мәжіліс депутатының келтіріп отырған мәліметіне сүйенсек, 2012 жылы баспана кезегінде тұрғандар саны 147 мың азамат болса, бүгiнгi күнi олардың саны 268 мыңға жуықтаған. Басқаша айтқанда, 1,5 жыл iшiнде кезекте тұрғандар мөлшері 80%-ға артқан. «Мәселенiң өзектiлiгi бұл саладағы түрлi айла-амалдарға әкелiп соғады. Депутаттарға кезектiң өте баяу жылжып жатқаны немесе қозғалмай тұрғаны туралы ескертулердiң келiп түсетiні кездейсоқ емес» деген депутат мәселенің ұшығын да шығарып көрсетті. Расында да, бүгінде баспананың айналасында былық-шылық көп-ақ.

Осыдан екі жыл бұрын Алматы қалалық Ішкі істер қызметі мен Салық басқармасының бірлескен тексеруі нәтижесінде құзырлы орын өкілдері Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің тең жартысынан астамы жалға берілетінін, аталмыш қалада үйі бар тұрғындардан гөрі, пәтер жал-даушылардың көп екенін жариялаған еді. Осы орайда, шын мәнінде, жеңілдетілген пәтерлерге нағыз тұрғын үйге мұқтаж жандардың ғана қолы жетіп жатыр ма деген күдік туындары сөзсіз. Мәселе – осында.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай