28 мамыр 2014 16:19

Бразилия әлем чемпионатын қабылдауға дайын емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

vz.ru фото vz.ru фото

 Екі аптадан кейін бүкіл әлем назарын Бразилияда өтетін футболдан әлем біріншілігіне аударады. Бірақ, әлі күнге дейін Бразилия ХХ-шы футбол чемпионатын қабылдауға дайын емес, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


 Екі аптадан кейін бүкіл әлем назарын Бразилияда өтетін футболдан әлем біріншілігіне аударады. Бірақ, әлі күнге дейін Бразилия ХХ-шы футбол чемпионатын қабылдауға дайын емес, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Бірінші кезекте Бразилия басшылары елдегі қауіпсіздікті толығымен бақылауға ала алмай отыр. Қазірдің өзінде Бразилия өзінің ұлттық валютасымен есептегенде қауіпсіздік шараларына үшін 1,9 млрд реал жұмсаған. Бұл долларға шаққанда 857,5 миллион долларды құрайды. Шараға қауіпсіздікті бақылау мақсатында 157 мыңға тарта күш құрылымдарының жауынгерлері мен 16,9 мың шақырым шекара аумағын бақылайтын "Агат-8" жасағы жұмылдырылады. Бразилия билігі ауқымды көлемдегі қауіпсіздік шараларын негізі мамыр айының ортасында қарастыра бастады. Дегенмен, қазірде бұл елде чемпинотқа ауқымды көлемде қаржы жүмсауға байланысты түрлі қарсылық шаралары орын алуда.

Мысалы, Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейро қалаларында қарсылық акциялары өтті. Митингке шыққан ереуілшілер елдің әлем біріншілігін өткізу үшін қыруар қаржы жұмсалып жатқанына түбегейлі қарсы. Олар қаланың көшелерін жауып, көліктерді өртеп, ақыр аяғы құқық қорғау қызметкерлеріне тас лақтырған. Ереуілшілер чемпионат өткізу үшін жұмсалып жатқан қаражатты елдегі қоғамдың бағдарламалар мен тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсауды талап етіп отыр. Митингілер тек бұл екі қалада емес, Бразилияның басқа шаһарларында да өтіп жатыр. Оның ішінде елдің астанасы Бразилиа да бар.

Бұл шараларды ұйымдастырушылар футболдан әлем біріншілігі жақындаған сайын ереуілдің қарқыны арта түседі деп ескертуде. Бірақ, Бразилия басшылары бұл митингілердің әлем біріншілігіне еш қатысы жоқ деп сендіруде.

«Жұмысшылар әдеттегідей өздерінің құқықтарын талап етіп жатыр. Бірақ, бұл әлем біріншілігіне еш қатысы жоқ. Уайымдаудың қажеті жоқ. Біз барлығын бақылауда ұстап отырмыз», - дейді Бразилияның спорт министрі Алдо Ребело.

Бірақ, елде футбол біріншілігіне қауіп төндіріп отырған бұл бірінші проблемма емес. Елдің басшыларының бас ауыртып тұрған мәселелердің бірі – стадиондардың құрылысы. Мәселен, футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчы өтетін Сан-Паулудағы "Арена Коринтианс" бірінші ресми сынақ матчын қабылдауға әлі де дайын емес.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети