02 маусым 2014 11:10

The Spirit of Tengri отбасылық мерекеге айналуы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе

 Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri фестивалі отбасылық мереке болуы тиіс. Жобаның бас демеушісі Kaspi Bank жетекшілері көнеден жеткен әуендер мен халықтар дәстүрлеріне қанығу үшін жұртшылықты бұл фестивальді отбасы болып тамашалауға шақырып отыр, - деп хабарлайды «Алаш айнасы».


 Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri фестивалі отбасылық мереке болуы тиіс. Жобаның бас демеушісі Kaspi Bank жетекшілері көнеден жеткен әуендер мен халықтар дәстүрлеріне қанығу үшін жұртшылықты бұл фестивальді отбасы болып тамашалауға шақырып отыр, - деп хабарлайды «Алаш айнасы».


«Біздің айналамызда технологиялар, әлеуметтік желілер, басқа да заманауи нәрселер толып жатыр. Қазіргі адам олардың бәрін игере алмайды. Сондай кезде ол өз тамырына жақын, өз қанында бар дүниелерді таңдайды. Өз дәстүріне бет бұру, рухани құндылықтарға жақындау - бүкіл әлем бойынша байқалып отырған үрдіс. Этномузыкаға ден қою да көп елде байқалып келеді, меніңше, бұл – жақсы жайт. Келешекте біз басқа да осындай идеяларға қолдау көрсетеміз деп ойлаймын. Kaspi Bank атынан біз, банк жетекшілері тұрғындарды бұл мәдени шараны отбасы болып тамашалауға шақырамыз, бұл – әрбір отбасыға арналған фестиваль, жарқын фестиваль бәріне ұнайды деп ойлаймын», - дейді Kaspi Bank АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.


Қазіргі заманғы этномузыка фестивалінің бас демеушілері келешекте бұл гала-концерт Астана қаласында да өтсе деген ұсыныс айтып отыр. «Әдетте Астана күні қарсаңында қалаға бір апта бұрын шамамен миллионға жуық адам келеді. Сол себепті фестивальді кең насихаттап, ауқымын кеңейте түсу үшін оны Астанада да өткізген жөн. Сонда этникалық музыканың қазіргі заманғы фестивалін көру үшін Қазақстанға бүкіл әлем жұртшылығы келетін болады деп ойлаймын», - дейді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. Ол да 7 маусым күні Алматыдағы Республика сарайы алаңында өтетін музыкалық кешті отбасы болып, әсіресе, балаларды ертіп келіп тамашалауға кеңес береді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети