02 маусым 2014 16:12

Кредиттік бюроның "қара тізімі" қанша жыл сақталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

kakprosto.ru kakprosto.ru

 –Несиемді төлей алмай жүрмін. Оның үстіне, басқа банктен тағы бір несие алайын десем, банк менеджері: «Сіздің аты-жөніңіз «қара тізімге» енген, ала алмайсыз», - дейді. Кредиттік бюроның қара тізімі деген не? Онда біздің аты-жөніміз қанша жыл сақталады?


 –Несиемді төлей алмай жүрмін. Оның үстіне, басқа банктен тағы бір несие алайын десем, банк менеджері: «Сіздің аты-жөніңіз «қара тізімге» енген, ала алмайсыз», - дейді. Кредиттік бюроның қара тізімі деген не? Онда біздің аты-жөніміз қанша жыл сақталады?

Марат, Алматы қаласы

Бұл сауалға «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бизнесті дамыту бойынша менеджері Зарина Әбденова жауап береді:

– Егер сіз несиеңізді уақыты төлей алмасаңыз, онда сіздің аты-жөніңіз Кредиттік бюроның мәліметтер базасына енгізіледі. Мұндай жағдайда сіз келесі жолы несие ала алмайсыз, алған күннің өзінде банктің сізге деген сенімі азайып, сізге жоғары өсім белгілеуі мүмкін. Бастапқыда банктер борышын қайтара алмағандар туралы деректерді өз базасында ғана сақтайтын. Алайда қарызгерлер бір банктен алған несиесін төлемей, келесі банктен де қарыз алып кете берген соң, еліміздің банктері бірлесіп, Кредиттік бюроны құрды. Қазір барлық банктер ай сайын төлемді кешіктірген клиенттер туралы ақпаратты осы орталыққа аударып отырады. 2004 жылы күшіне енген «Кредиттік бюро туралы» заңға сәйкес, қарызгердің несие хикаяты соңғы мәлімет түскеннен бастап 10 жыл сақталады. Дегенмен әр несие беруші мекеме сіздің несиелік тарихыңызды өздігінше бағалайды және несиелік тарихыңыз жағымды/жағымсыз екенін өзінің ішкі ережелеріне сәйкес шешеді.

Көкейде жүрген басқа да сауалдардың жауабын білгіңіз келсе "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети