04 маусым 2014 13:35

Бала асырап алғанда қандай жәрдемақы төленуі тиіс?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай Омаров (коллаж) Абай Омаров (коллаж)

 Бір жасқа толмаған баланы асырап алғанда қандай жәрдемақы төленуі тиіс және ол үшін қандай құжаттар талап етіледі?


 Бір жасқа толмаған баланы асырап алғанда қандай жәрдемақы төленуі тиіс және ол үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Тоғжан ЫСҚАҚОВА, Шығыс Қазақстан облысы

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байла­нысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеу­меттiк төлемдi тағайындау үшiн арнайы үлгідегі өтi­нiшпен бірге төмендегідей құжаттар қажет:

1) жеке басты куәландыратын құжат; 2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы); 3) баланың туу туралы куәлiгінің көшiрмесi, сондай-ақ оны салыстыру үшiн түпнұсқасы; 4) отбасының құрамы туралы мәліметтер; 5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу факті­сін растайтын құ­жат: қызметкерлер үшін – бала бір жас­қа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табы­сы­нан айырылған жағ­дай­да төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасаған міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеу­меттік ауда­рым­дар жүргізілген қатысушысы бала күтіміне байла­нысты жалақысы сақталмайтын демалыста екені тура­лы жұмыс беруші бұйрығының үзінді көшірмесі; 6) бір жас­қа толмаған баланы асырап алған жағдайларда – қор­ған­шылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ­ция­лар­ды жүзеге асыратын орган берген баланы асы­рап алу тура­лы сот шешімінен үзіндінің көшірмесі; 7) бір жасқа толма­ған балаға қорғаншылық белгіленген жағ­дайларда – қор­ған­шылық немесе қамқоршылық жөніндегі функция­лар­ды жүзеге асыратын орган шешімінің көшірмесі қоса бері­леді.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне бай­ла­нысты табысынан айырылған жағдайда төлене­тiн әлеу­меттiк төлем баланың туу туралы куәлiгiнде көр­сетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса ал­ғандағы мерзімге дейiн тағайындалады. Әлеу­меттік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргі­зілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс­тердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сома­сын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады. Табыс­ты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Көкейде жүрген басқа да сауалдардың жауабын білгіңіз келсе "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети