04 маусым 2014 13:40

Сусын өндірісі "шөлдеп" тұр...

ПОДЕЛИТЬСЯ

primamedia.ru фото primamedia.ru фото

 «Отандық сусын өндірісінің даму қарқыны тым баяу». Кеше еліміздің статистика агенттігі осындай мәлімдеме таратты. Аталмыш агенттік мамандарының байыптауынша, еліміздегі сусын нарығының қарымы бізбен одақтас Ресей, елдерімен салыстырғанда қажетті деңгейде емес...


 «Отандық сусын өндірісінің даму қарқыны тым баяу». Кеше еліміздің статистика агенттігі осындай мәлімдеме таратты. Аталмыш агенттік мамандарының байыптауынша, еліміздегі сусын нарығының қарымы бізбен одақтас Ресей, елдерімен салыстырғанда қажетті деңгейде емес...

Жалпы, деректерге жүгінсек, соңғы бес жылдың ішінде отандық сусын өндіру көлемі 17,5 пайыздық межені бағындырған.

Десек те, бір айта кетерлігі – 2013 жылмен салыстырғанда биылғы жылы осы салаға бөлінуі тиіс инвестиция көлемі үш есеге кеміп отыр. Мәселен, 2012 жылы сусын өндіруші өндіріс орындарына кемінде 72,4 млн теңге инвестиция құйылса, бүгінде бұл инвестицияның көлемі 27 млн теңгені ғана құрайды. Сусын өндірісінің нақ осылай инвестицияға «шөлдеп» отырғанына қазірде сарапшылардың басым бөлігінің көңілі алаң. Бұл ретте, сарапшылардың дені «егер біз үш жылдың ішінде елдегі сусын өндіру көрсеткішін 30 пайыздық межеге жеткізсек, бұл салада өзгелермен бәскеге қабілетті болар едік. Ол үшін, әрине, бұл салаға көлемді инвестиция керек» деседі. Сондай-ақ сусын өндірісі хақында сөз еткен қайсыбір мамандарымыз бізге, ең алдымен, бұл саладағы сандық емес, сапалық белесті бағындыруымыз қажеттігін де баса айтты. «Алаш айнасы» сусын өндірісінің тамырын басып көрген еді...

Сусынымыздан дәм кетті...

Кезінде Арнольд Шварцнеггер Калифорнияға губернатор болған тұсында нақ осы сусын өндірісіне қатысты арнайы заң шығарған екен. Шварцнеггер ол кездері сусынның тек шыны ыдыста шығарылуына; сусын дәмінің бұзылмауына; құрамында кофеиндер мен аминқышқылдары бар сусындардың сатылымға шықпауына айрықша назар аударыпты. Кейіннен бұл талапқа басқа елдердің де назары ауа бастаған. Қазірде Ресейдің, Беларустың, Грузияның кішігірім аймақтарына дейін осы міндеттемеге жүгінуді жөн санап отыр. Бұған қатысты биолог ғалым Мұрат Ғылманов:

– Сусын өндірісі дегенде бұл өндіріске құйылатын инвестиция көлемі ғана сөз болып қалмауы керек. Бұл ретте осы саладағы сапа көрсеткіші де айтылғаны абзал. Мысалы, қазірде бояғыштар, консерванттар қосылған сусындар біздің базарлар мен дүкендерде толып тұр. Түсініксіз пластик ыдыстағы сусындардың нарықты жаулап алғаны соншалық, ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі отырғызбай ма, асқазан жарасын тудырмай ма, оған бас қатырып жатқан халық жоқ, оларға тек шөлі қанса болды. Бұрын-соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Әсіресе балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызыл-жасыл сусындарға тым құмар. Сондықтан осыған орай айтарым, сусын сапасын бұзып, түрлі қосылғыштар қосатын кәсіпорындарға арнайы шара қолданып, оларға міндетті салық салу жүйесін енгізу керек. Осыған байланысты арнайы заң шығару керек. Сусын сапасын өз деңгейінде, өзіндік дәмімен жасай алмайтын кәсіпорындарға инвестиция көлемінің, расымен де, қысқарғаны жөн, – дейді.

Сөйтіп, маманның пікірі «сусынды өз деңгейінде шығара алмайтын кәсіпорындарға қаржы беріп қажеті не? Керісінше, ол қаржыға шетелден сапалы өнім неге тасымалдамасқа?!» дегенге сайып отыр.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети