06 маусым 2014 11:26

Бразилияда сізді тонап жатса қарсылық білдірмеңіз ...

ПОДЕЛИТЬСЯ

cxid.info фото cxid.info фото

 Бразилияда санаулы күндерден кейін басталатын әлем чемпионаты футбол чемпионаттарының тарихындағы ең қауіптісі болуы мүмкін. Себебі, бүгінде елдің көптеген қалаларының тұрғындары ереуілге шығып, қаланың тыныштығын бұзуда, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


 Бразилияда санаулы күндерден кейін басталатын әлем чемпионаты футбол чемпионаттарының тарихындағы ең қауіптісі болуы мүмкін. Себебі, бүгінде елдің көптеген қалаларының тұрғындары ереуілге шығып, қаланың тыныштығын бұзуда, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Елдегі кезекті ереуілдердің бірін кеше Бразилия полициялары көзді ашытатын газ арқылы, әупірімдеп жүріп тоқтатқан. Бұл жолы митингке елдің ірі кәсіподақ өкілдері мен теңізшілер шыққан. Олардың басты талаптары - жұмыс уақытын қысқарту мен жалақыны көбейту. Салвадор, Порту-Алегри, Белу-Оризонти, Сан-Паулы және елдің астанасы Бразилиада болған шерулердің салдарынан көлік кептелісі көбейіп, бірнеше ғимараттар қиратылған.

Бұл жәйттарға байланысты Бразилия басшылары чемпионат кезінде елдің тыныштығын сақтау үшін қауіпсіздік шараларына 1,9 млрд реал бөліп отыр. Бұл долларға шаққанда 857,5 миллион долларды құрайды. Қала ішіндегі тәртіпті бақылау мақсатында 157 мыңға тарта әскери күш құрылымдарының жауынгерлері жұмылдырылады. Бұл жауынгерлер чемпионат барысында екі есе күшейтілген режим бойынша жұмыс істейді.

Осыған байланысты Халықаралық спорт журналистерінің қауымдастығы (AIPS) кеше өзінің ресми сайтында әлем біріншілігі барысында жұмыс істейтін тілшілерге арнап ескертпе жариялады. Ол жадынамада төмендегідей ескертпелер бар:

1. Басты ереже: егер сізді тонап жатса қарсылық білдірмеңіз. Ешқандай артық сөзсіз-ақ заттарыңызды бере салыңыз. Ұрылардың назарын өзіңізге аудартпауға тырысыңыз, серуендеген кезде мүмкіндігінше ұялы телефонмен аз сөйлесіңіз.

2. Әрдайым қырағы болыңыз. Көшеде құлаққап киіп музыка тыңдамаңыз.

3. Банкоматтан ақша алып жатқанда мұқият болыңыз. Әуежайларда мүмкіндігінше банкоматты пайдаланбаңыз.

4. Өзіңізбен төлқұжаттың түпнұсқасын алып жүрмеңіз. Оның орнына сіз көшірмесін пайдалана аласыз.

5. Өзіңізбен көп соммадағы ақша алып жүрмеңіз.

6. Кешке серуендеген кезде сақ болыңыз. Ресторандарда үстелдің үстіне ұялы телефондарыңыз бен бағалы заттарыңызды қалдырмаңыз. Қатты мас болып қалмаңыз.

7. Мүмкіндігінше қаланың орталық көшелерімен жүруге тырысыңыз. Өйткені, қылмыс көбіне шет көшелерде болады.

8. Бір жерден екінші жерге барғаныңызда таксимен жүргеніңіз абзал.

9. Қоғамдық көліктердің ішінде алаяқтардан сақ болыңыз.

10. Қонақүйде танымайтын адамдарға есікті ашпаңыз.

11. Күн батқан соң жағажайға немесе саябаққа бармағаныңыз жөн.

12. Қоғамдық Wi-Fi құрылғысын пайдаланғанда сақ болыңыз. Себебі, Бразилия онлай-алаяқтық жөнінен әлемді екінші орында тұр.

13. Стадионда немесе басқа да жерлерде заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз.

AIPS-тың бұл шығарған ережесі тек қана тілшілерге ғана емес, сонымен қатар Бразилияға баратын саяхатшыларға да ұсынылып отыр.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети