09 маусым 2014 18:26

Қайынжұртым өз жұртымнан жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

nastalgia.ucoz.net nastalgia.ucoz.net

Жасым отызға таяған, өзіндік пікірім қалыптасып үлгерген адаммын. Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданында туылғаныммен соңғы 12 жылда Алматыда тұрып жатқан қазақтың қарапайым қара домалық баласымын. Мамандығым – математика пәнінің мұғалімі. Ұстаздық қызметтімді 8 жылдан бері қаладағы № 123-ші мектеп-гимназиясында атқарып келемін. Есімім – Жасұлан. Қазақтың көп жігітінен басты айырмашылығым – мен қайынжұртымда тұрамын.

Менің түсінігімде егер әлдебір адамға өзге біреулердің жақсылығы өтіп, шарапаты тиіп жатса ондай адамдар туралы үнсіз қалу қылмыспен тең. Рас, менің шешем мен бауырларымның (алты ағайындымыз) бар болғанына қарамастан осыдан 6 жыл бұрын үйленгенде еншімді бөліп беріп, бөлек шығармақ түгілі, аудан орталығында тойымды да жасап бере алмаған. Кейін ойлап қарасам, туғандарым қайынжұртымның алдында менің абыройымды ойлаған болса, онда бір кісідей жиналып, тойымды дүркіретіп өткізуге мүмкіндіктері де бар болған екен. Бірақ ол кезде ниет дұрыс болмапты.. Ал ниет қайтып қалпына келмейтін қасиет. Қазір оған өкінгеннен пайда жоқ. Кесірінше менің көшім соңғы жылдары көктегі Тәңірдің қалауымен жоғарыға өрлеп бара жатқандай. Себебі, менің бүгінгі жағдайым көп қазақтан артық болмаса, кем деп айтуға аузым бармайды. Қайын атамның қызыма деп алып қойған үйінде отбасыммен мен тұрып жатырмын. Атам онысымен қоймай жуырда ол үйді туған қызының емес, менің атыма аударып берді. Ай сайын қап қап картобын, бүтін соғым болмаса да, жыл сайын жылқының жарты етін және әкеп береді. Тату-тәтті тұрып жатқан менің отбасыма сүйсінген атам салоннан су жаңа көлік сатып алуға жарты ақшасын алдын ала беріп те қойды. Бес және екі жасар екі қызым және бар.

Менің мақсатым – қайынжұртымды мақтау емес, кесірінше барды бар, жоқты жоқ деп тұрасын айту ғана. Неге мен әйелімнің жақындарынан көрген жақсылықты айтпай, үндемей қала беруім керек. Қанша жерден қазақ, қанша жерден жігіт болып туылсам да көрген жақсылықты айту менің парызым деп білемін.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети