Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Бәйге: "Фурия роха" бар ашуын Чилиден ала ма?.

17 Маусым 2014, 16:45
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы ойындарға күн сайын болжам жасап отырған жорамалшыларымыз арасындағы бәйгеміз қыза түсті. Бүгін алтыншы жұпта бақ сынайтын болжамшыларымыздың пікірлері төмендегідей, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Ілияс Омаров, Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының (ASPK) президенті, ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің ақпараттық-басылымдық басқармасының басшысы:

Ресей – Оңтүстік Корея – 3:1

Австралия – Нидерланды – 1:4

Испания – Чили – 2:2

І. Ресей құрамасына да өздерін көрсету мүмкіндігі де келіп жетті. Жеребе де жеңіл түскен. Оларға артылған жауапкершілік пен қысым да байқалмайды. Сезілсе де, Латын Америкасында емес. Қысқасы, Ресей қазір 2002 жылы Қиыр Шығыста ойнаған команда емес, ал Оңтүстік Кореяда осыдан 12 жылғы күш-қуат жоқ.

ІІ. Голландиялықтардың қанаттанып, екпіндеп тұрғандары байқалады. «Жасыл құрлық» өкілдері британ футболы үлгісінде ойнауға тырысқандарымен, оларға оңай болмайды.

ІІІ. «Фурия роха» алғашқы ойында күйрей ұтылғандарының есесін қайтарып, «ақталулары» керек. Бірақ Чили қырандары да тектен-тек қызыл жейдемен ойнамайды. Латын Америкасының тарамыс тарландары (Чилиді айтамын) «Мундиаль-2014» додасында қай тұрғыдан алсақ та (моральді климаты, физикалық күй-жағдай), өздерін «судағы балықтай» сезінеді.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай