24 маусым 2014 15:14

"Қазақстан Барысы" додасында ерекшеліктер көп!

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Мансұр ХАМИТ (фото) @Мансұр ХАМИТ (фото)

 29 маусым күні Қазақ күресінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


 29 маусым күні Қазақ күресінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Көпшіліктің есінде болар, «Қазақстан Барысының» былтырғы финалдық белдесулерінде төрешілерге байланысты үлкен дау болған-ды. Осы бір даулы мәселеге орай ұйымдастырушылар ақылдаса келіп, төрешілердің санын азайтуды жөн санаған екен. «Өз ісін жақсы меңгерген, қара қылды қақ жаратын 25-30 қазы бар шығар, бірақ біз солардың ішінен ең мықтыларын сұрыптап алдық. Биылғы турнирде 6 төреші қазылық етеді», – деді бұл мәселеге қатысты Арман Шораев. Сонымен қатар биыл төрешілердің шешіміне араласып, билік жүргізетін алқа билер болмайды.

Ұлттық күрес өнерін былтыр тікелей эфирде таратқан ресейлік «Боец» арнасы биыл да жарыс барысын тікелей таратады. Одан бөлек бұл арнаға түркиялық телеарна қосылып отыр. Сонымен қатар ұйымдастырушыларының ақпараты бойынша, биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына «Боец» телеарнасының бас директоры Сергей Завилейский мен окинавалық шебер, годзю-рюдан 10-шы дан иегері Сэнсей Морио Хигаонна қонақ болады.

Сондай-ақ биыл «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулерін тамашалауға келген жанкүйерлердің арасында автокөлік ойнатылатын болады. «Финалдық сайыстарды тамашалауға келген жанкүйерлерді үлкен сый күтіп отыр. Біз бұл күні «Сарыарқа» велотрегіне жиналған жанкүйерлер арасында лоторея ойнататын боламыз. Бас жүлде теміртұлпар. Теміртұлпардан бөлек жұбаныш сыйлықтары болады», - дейді Арман Шораев.

Айтпақшы, төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Барысы» турнирі идеясының авторы Арман Шораев жуырда «Қазақстан Барысы» брэндымен сүт шығарды. Арман мырзаның айтуына қарағанда, «Қазақстан Барысы» сүті ешқандай химиялық қоспаларсыз «таза» жасалған өнім екен. Бұл сүт қазірдің өзінде Астана қаласының сауда орындары мен дүкендеріне сатылымға шыққан.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети