27 маусым 2014 18:25

Ержан Шынкеев: Биылғы чемпион – Бейбіт Ыстыбаев!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мансұр ХАМИТ (фото) Мансұр ХАМИТ (фото)

 Төртінші рет өткелі отырған «Қазақстан барысы» турнирінің басталуына екі күн қалды. Республика бойынша іріктелген 28 балуан арасынан кім топ жаруы мүмкін деген сауал қазір әркімді қызықтырады. Осы уақытқа дейін екі мәрте финалда күрескен балуан Бейбіт Ыстыбаевтың жөні бөлек. Бірақ жанкүйер қауым былтырғы чемпион – шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровтың қайта топ жаратынына шүбә келтірмейді. Ал Шалқар Жоламанов, Арман Әбеуов, Руслан Әбдіразақов, Жұманазар Ерсұлтанов, Мұхит Тұрсынов сынды балуандардың қай-қайсы болмасын осал емес деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

«Қазақстан барысы» турнирін әлі үш рет ұтып аламын» деген Бейбіт Ыстыбаевтың былтырғы турнирде басы дауға қалғанын ел әлі ұмытпаған болар. Екі мәрте финалда белдескен Бейбіт өте «сұңғыла» балуан дейді білетіндер. Әдетте алып денелі балуандар аңғал келеді-міс. «Ал Бейбітті аңғалдардың қатарына қосуға болмайды. Ол бірінші белдесуге шығып тұрып алдағы болатын кездесулерді ойлап жүреді. Яғни, барлық күшін сарп етпейді. Ашығын айтқанда финалға сақтайды» дейді Бейбіт Ыстыбаевты жақын танитын кейіпкеріміз. Әдетте белдесу барысында балуандар таза жеңіске жетуде көздесе, Ыстыбаев көбіне ұпаймен басым түсуді көздейді екен. Ал финалда өзіне өте сенімді Бекең қарсыласың бұйым құрлы көрмей, «Ыстыбаев әдісі» деп аталатын өзіне ғана тән әдіспен алып ұрады-мыс.

Қош, сонымен «Қазақстан барысы-2014» турнирінің алтын белдігі мен 150 мың АҚШ долларын мен аламын деп белін бекем буынып, білек сыбанып отырған балуан – Айбек Нұғымаров дейді бізбен тілдескен балуандардың бірі. Оның айтуынша, Нұғымаров үшін алынбас қамал Ыстыбаев қана. Ол қарсыласының ауыр болғанына мән бере бермейді. Қайсы болмасын, оң жамбасына салып алып соғу шығыс балуан үшін аса қиын емес.

Жұманазар Ерсұлтановқа бәс тіккендер оның тез шаршап қалатынына мән бермейді дейді «Қазақстан барысы» турнирінің басы қасында жүрген жауапты маманның бірі. Ол 160 келі салмағы болмаса анау айтқандай мықты балуан емес көрінеді. Тез шаршайды, қарсыласы тегеурінді болып шықса ә дегеннен-ақ алқынып қалады. Оның былтыр жартылай финалға қиналмай жетуіне тек салмағы ғана рөл ойнады дейді ол. Биыл жүлдегерлер құрамын өзгертуі мүмкін һәм жеңімпаз атанатындай әлеуеті бар балуанның бірі ол – Арман Әбеуов финалға жетсе, сөз жоқ Ыстыбаев пен Нұғымаровты да атағына пысқырмастан жауырынын жер иіскетеді деп отыр. Кім біледі?

Аталған турнирдің екі дүркін жүлдегері Шалқар Жоламанов биыл алысқа «шаба алмайды». Алдын ала жүргізілген зерттеу бойынша ол әрі кеткенде екінші айналымнан аса алмауы мүмкін. Олай деуімізге балуанды жақын танитын жанның айтуы себеп болып отыр. Шалқардың өзі де өзіне соншалықты сенімді емес және бабына толық келмеген. Жақында ғана ол өзінің інісі Мұхит Тұрсыновқа есе жіберіп, мүмкіндігін байқатса керек.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети