Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Қытаймен құда болудан неге қорқамыз?

30 Маусым 2014, 13:15
0
chudnoi.ru фото
chudnoi.ru фото

 Жасым 60-тан асты. Шүкір үш ұл, төрт қызым бар. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере сүйіп, құда-жегжатым көбейіп келеді. Осы жасқа келгенімде бір түсінгенім, шынайы махаббат, пәк сезімде шекара болмайды екен. Егер екі жас бірін-бірі шын сүйсе, ол ұлтқа да, нәсілге де, басқаға да қарамайтынына көзім жетті. Өйткені балалардың ішінде өзім ерекше жақсы көретін ортаншы қызым осыдан біраз бұрын қытай азаматына тұрмысқа шықты. Алғашында бұған үзілді-кесілді қарсы болғаным рас. Бірақ отыздан асқан қызымның енді бағын байламайын деп шештім. Дегенмен ағайын-туыс, дос-жаран, көршілеріме дейін бәрі менің бұл әрекетіме әлі күнге дейін ренжіп, «қызыңды қара қытайдың қойнына салып бердің, сол үшін қыз өсірдің бе?» деп менімен араласпай, ат құйрығын кесісіп кетті. Енді ойланып-толғанып мұндай әрекетке не үшін барғанымды туған-туыс, дос-жаран, жалпы халыққа «Алаш айнасы» арқылы түсіндіруді жөн санадым.

Жақында теледидарды қосып қалсам, көк жәшіктің ішінде зиялы қауымның қатарынан саналатын бір ағам: «Қызым Арабияға тұрмысқа шықты. Күйеу балам Дубайда тұрады. Екі-үш пәтері бар. Тұрмысы жақсы. Жылда бізді алып кетіп, әр қаланы қыдыртып, аралатып тұрады. Қызымның ерінің нәсілі басқа болғанымен, мұсылман. Күйеу балам пәленбай тіл біледі» деп мақтанып отыр. Енді ел алдында жүрген зиялы азаматтарымыздың өзі осылай үлгі көрсетіп жатқанда, біз секілді қарапайым адамды кінәлаудың керегі не? Демек, жүрекке әмір жүрмейді, пешенеге жазғаннан ешқашан қашып құтыла алмайсың деген – осы. Жә, кім кімге тұрмысқа шығады, әркім өзі біледі. Біз әркім өзі білетін демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз.

Шыны керек, кезінде қазақ зиялылары өмірде өз орындарын ойып тұрып алу үшін орыс, еврей немесе татар қыздарын алып, жар еткен. Оның үстіне ел арасындағы дипломатиялық қатынасты нығайту мақсатында ежелден бері қолданылып келе жатқан бұл үрдіс қазақ жерінде сонау үш жүздің басын қосқан Абылай ханның заманынан бермен қарай келе жатқаны, яғни қазақ жері мен елін жау қолынан аман сақтап қалу үшін Абылай ханның өзі бастап қытай мен жоңғардың қыздарын қалың малын төлеп, әйел еткені тарихтан аян. Содан бері өзге ұлтпен құда болып қыз алып, қыз берісу, сөйтіп қан араластыру, құйрық-бауыр жеу дәстүрге айналып кеткен. Сондықтан оның еш сөкеттігі жоқ деп есептеймін. Әрі-беріден соң, қазір қазақ қыздарының дені орыс-орманға тиіп жатыр. Сонда орысқа тиген қыз халал да, ал қытайға тиген қыз харам болғаны ма? Өйтіп жалған патриотизмге салынудың керегі жоқ деп есептеймін.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай