02 шілде 2014 16:28

Қайрат Нұртас! Қайрат Нұртас...

ПОДЕЛИТЬСЯ

serke.org фото serke.org фото

 Солқылдаған сәмбі талдай жас шағыңда ескі де есті әндерді естудің өзі қандайлық? Бәрі-бәрінен бұрын сол әндердің қанатында қиялыңмен қыр асып, арман әндердің арқасында аспан әлемді шарламақ қандай-ды? Өмір-дариясында бір рет қана естіген жанның жадында жатталып қалатын ғазиз әндер олар. Жүрекке жалқы мұң құятын, жылықабақ әманда. Жүректің түкпірінде жылы сезім ұялатқан осы бір әндерді ешкім де ұмыта алмақ та емес, қайта бір тыңдамай қалмақ та емес. Шындығы осы. Жылдар жылжып өткенменен, жастық қайырылмай кеткенменен сол алғашқы жан толқытқан аяулы сезім ұялатқан ән жаңылмас жадта мәңгіге сақтаулы болып қала береді екен. Алаш айнасының айтпағы Қайрат Нұртастың әндері хақында…

Ия «Арман адастырмайды». «Қуаныш құшағында» тербелтеді. «Екі жүректің» түбіне бойлауменен, жан көктемін тойлауменен жүрудің өзі де «Бір бақыт». Оның орындауындағы әндер расында тыңдап отырсаң арман әлеміндегі ақ бұлттардың арасында қалықтап жүргендей әсерге бөлейді. Сезім оябын оятар әуезді әуен, есіңді елітер есті сөздер оның орындауындағы әндердің өн бойында «қуалай соққан қоңыр желдей» есіп отырады. Терең сезімге шүпілдеген махаббат әндерін шырқағанда Қайраттың шабысы тіптен бөлек. Ол ән айтқанда әншімін деген көп дарылдақ көпшігін қысып айдалада қалары тағы анық. Бұлай деп айтып талайдың шамына шоқ түсіруден аулақпыз.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети