Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.97
EUR / KZT - 381.05
CNY / KZT - 48.44
RUB / KZT - 5.45

Тағы да жер сілкінсе Қарағанды жер астына түсіп кетпей ме?

03 Шілде 2014, 18:05
0
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мырзалардың назарына!

 Қырда орналасқан Қарағанды «қыр» көрсетті. Алаңсыз күн кешкен жұртты әбігерге салмаса да, әжептәуір абыржытып тастады. Жер астында, 40 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісі дүйім жұртты селк еткізді. Әуеліде «тағы бір шахта жарылды ма?» деп күмәнданған жұрт Жер-ананың сілкінісінен соң кеніші көп Қарағандының кеніштеріне қорқынышпен қарай бастады. Қарағандыдан 26 шақырымда болған жер сілкінісі, Қарағандының өзінде болса, қайтер еді? Ойлаудың өзі қорқынышты... 4,8 баллдық жер сілкінісі! Аз балл емес. Тіфәй-тіфәй! Айтқан жерде пәле жоқ. Өзімен кетсін. Онда жер асты толған шахта, «топ» етіп түсіп кетер ме едік, қайтер едік?.. Алла өзі сақтасын...

Көңілдегі күмәнді «Алаш айнасы» арқылы жеткізуді жөн көрдік.

Маусымның 21-індегі Қарағанды аймағындағы жер сілкінісі көңілге күдікті кеулеткенін несіне жасырайық. Мамандар техногендік емес, табиғи деп баға бергенімен, алаңнан әлі де арылғамыз жоқ. Оның бірнеше себебі бар. Бірінші, бұл жер сілкінісі Қарағанды аймағында алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл сілкініс сонда Қарағанды аймағының мұндай апатқа ешбір дайындығы жоқтығын жайып салды. Яғни, сейсмологиялық орталық, сейсмологиялық карта деген атымен өңірде жоқ болып шықты. Демек, қаннен-қаперсіз отырған жұртты қауіп-қатер көзді-ашып жұмғанша қаусырып алуы әбден мүмкін еді. Бұл жолы Құдай сақтады. Өлім-жітім жоқ. Ал, енді осындай жер сілкінісінің қайталанбасына кепіл бар ма? Кім кепіл бола алады? Ешкім

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай