Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Құртымызды өзгелер өңгеріп кетпесін десек...

08 Шілде 2014, 14:44
0
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Оңтүстіктегі Ордабасы ауданының тұрғыны 106 жасқа келген Айғаным әжейден ұзақ жасаудың сырын сұрағанымызда үнемі құртты аузына салып, сорып жүретінін айтқан еді. Кәдімгі сиырдың сүтінен алынған айраннан жасалған құрттың ұзақ өмір сүруге септігі бар ма, жоқ па кім білген, ауылдағы аңқау да ақкөңіл апамыздың айтқанында қандай да бір шындық бардай көрінгені рас... Құрттың адам денсаулығына зор пайдасы бары жайында «Алаш айнасы» тілшісі өз ойын ортаға салады.

Тек ауылдың ғана дәмі деп есептелініп келген жеңсік ас – құртқа құмартушылар бүгінде қалада да көп. Әсіресе мектептің маңында майда-шүйде сатып отыратын апаларымыз құрттың өтімді тауар екенін айтады. Жас балалар даналап алып кеп бергенде құрттың саудасы қызады дей беріңіз. Чупа-чупсіңізден әлдеқайда пайдалы десек артық айтқандық болмас. Одан қалса сыра құмарлар да тіскебасар ретінде құрт саудасының көрігін қыздырады. Сыра барларын айтпағанның өзіде айтулы мейрамханалардың төрінен орын алып үлгерді. Шетелдерде демалған ағайынның сол елдің дәстүрінен хабар беретін кәдесый мен дәм-тұз әкелетіні белгілі. Үнді еліне барғандар иісі мұрын жарар шәйін, Түркияға барғандар әлемге әйгілі пахлавасынан әкеліп дәм татқызғысы келеді. Ал біз шетелдік туристерге қазақ елінің ұлттық тағамы дұрысын айтқанда ұлттық бренд деп бағалауға болатын құртты құрметтеп ұсына алып жүрміз бе? Жоқ. Біздің «құрекең» де құрметті орын алуға әбден лайық-ақ. Голландықтардың ірімшігі, түркілердің йогурты сияқты әлемдік асханада өзіндік лайық орнын ойып тұрып алуына болады-ақ. Алайда «барғызбасың барғызбастың» кебін киюлі. Атам заманғы құрттың жасалу технологиясы бұзылып, оның орнына заманауи құрталмастырғыштар шыққалы қашан. Базардағы көтерме бағамен сатылатын құрт атаулы құртқаұқсас дүние, әйтеуір «оригинал» емес. Ұзынқұлақтың айтуынша оның сапасын сырып қойып, санын көбейту үшін әк қосады-мыс. Тіпті ақтың обалынан қорықпайтындар тез кебуі үшін аздап азбест те қосатын көрінеді. «Ұсталмаған ұры емес», көзбен көріп, қолмен ұстап алмағаннан кейін бәрі бекер. Тек құрттың дәмін көру үшін тістеп көрсең үгітіліп тұр. Әйтеуір әктің ауылы алыс емес-ау деп, «от болмаса түтіннің де болмайтыны» осындайда еске түседі. Сондайда ауылдағы апамның өреге жайған, май қосып қайнатқан, дәмі тіл үйірер нағыз құртын сағынып кетесің...

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай