11 шілде 2014 11:46

"Кодировка" деген ем емес екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Арақты қойғалы өзімді немен алдандырарымды білмей, көп жүрдім. Үйдегі келін мұғалім еді, соған керек деп қыста балам компьютер алған, оны интернетке де қостырып қойыпты. Алғашында пластмасс қорапқа жоламай алысырақ жүретінмін. Жақындап кетсем бірнәрсесі бүлініп, атылып кететіндей қатты қорқушы едім. Бірақ немерелерім күні ұзақ осы пәледен түспей қойды. Денсаулыққа көп зияны бар көрінеді. Содан маған тапсырма берілді (баяғы кемпір ғой бұйырып жүрген...) Қалай да мен немерелерімді сол жәшіктен ажыратуым керек болды. Қызық болғанда қазір немерелерім емес, менің өзім сол компьютерді тізгіндеп алғам. Бұрынғыдай үйге ағылып келіп жатқан газет-жорнал деген жоқ, оны сатып алу үшін орталыққа баруың керек. Ал мынауың жақсы болды, барлық газет-жорнал деген осында, дап-дайын тұр екен. Тек экранға телміріп отыратын жаман жағы болмаса, жоқтан жақсы әйтеуір. Ғаламторды қопарыстырып жүріп «Алаш айнасы» газетінің сайтына тап болдым. Ішінде оқырмандар хатына арналған арнайы айдары да бар екен. Ондағы көп оқиға отбасымызды бүтіндей толғандырды. Сөйтіп мен де өз басымнан өткен оқиғамен бөліссем деп хат жазып отырмын. Өйткені қазақтың көп жанұясысы үшін залал әкелуші қу арақтан құтылу, бүгіндері қиынның қиынына айналып тұрғанын өз басым жақсы білемін...

Кеңес заманы құлап, колхоз-совхоз ыдырап, ондағы мүліктің барлығы жекенің қолына кеткенде, шыны керек, түксіз қалдық. Бәрінен бұрын жұмыстан айырылу ер азамат үшін қиын екен. Бүтін ауылдың тең жартысынан көп еркегі жұмыссыз, жастаулары қалаға тартты. Ал орта жастан асып, бірақ зейнетке сол күйі ілінбей қалғандардың қолынан не келсін?.. Ештеңе... Марапаттап, көңіл бөліп тұратын заманға үйреніп қалғандікі ме, бір күнде жарамсыз заттай далада қалғанда басында абдырап, артынан текке кеткен өміріне өкініп, ақырында ішті күйік шалып, оны басу үшін ағарғанға бас қойған едік. Рахаты рахат!.. Ойда ештеңе жоқ, бір жүз грамм болса, болды! Сөйтіп жүргенде уақыттың зырылдап жатқанын байқамайды да екенсің... Бір күні қаладағы оқудан демалысқа оралған қызым «Өскеменде Молодежный деген жерде бір мықты кодировка жасататын әйел бар деп естідім, мен сізді соған апарамын» деді

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети