11 шілде 2014 14:57

Біржан Жақыпов: Нәпәқамды бокстан тауып жүрген соң, спорттан кеткім келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) @Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Бұл күндері Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт ғимаратында бокстан Президент кубогы жолындағы ІV халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл турнирге Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысуда. Оның ішінде Біржан Жақыпов та бар. Турнирдің ширек финалдық кездесулері аяқталғаннан кейін «Алаш айнасының» тілшісі Біржанмен жолығып, сұхбатқа тартқан еді.

– Біржан, алдымен Президент кубогы турнирі туралы айтып берсеңіз. Қандай деңгейде өтіп жатыр?

– Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр деуге толық негіз бар. Өйткені, шет елден келген боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы барлық жағдайды жасап отыр. Боксшылардың деңгейі де осал емес. Әсіресе, Куба, Өзбекстан, Филиппин, Моңғолия елдерінің спортшылары өте мықты.

– Халықаралық турнирге шыққанда сіздердің де жағдайларыңызды дәл осылай жоғары деңгейде жасайды ма?

– Әрине, қазір AIBA бокстың дамуына елеулі үлес қосып жатыр ғой. Біз де шет елге барғанда бізге де дәл осылай жоғары деңгейде жағдай жасайды. Бірақ, барлық елдерде дей алмаймын. Өйткені, боксы кенде қалған елдерде қонақтарға да қатты мән берілмейді.

– Алматыда өткен Әлем чемпионатынан кейін қанша уақыт демалдыңыз. Қашаннан бастап жаттығу жұмыстарына кірістіңіз?

– Әлем чемпионатынан кейін ұзақ дем алған жоқпыз. Екі ай ғана шығар. Желтоқсан айынан бастап қайта жаттығу жұмыстарына кірісіп кеттік.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети