Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.20
EUR / KZT - 347.77
CNY / KZT - 45.17
RUB / KZT - 5.52

Мұнай бағасы төмендеп, доллар өсуі мүмкін бе?

14 Шілде 2014, 15:03
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

 «Күзге қарай доллар тағы бір «мінез» көрсетеді» деген сыбыс әсіресе қарапайым жұртшылықтың дегбірін қашырды. Өйткені бірінші кезекте зардап шегетін солар. Доллар 150-ден 180-ге секіргенде «халық күнделікті тұтынатын тауарлардың, соның ішінде отандық өнімдердің бағасын тізгіндеуге барымызды саламыз» деп сендірген үкімет тіпті аймақтарда тұрақтандыру қорларын да құрған еді, алайда уәдесінде тұрмады, былайша айтқанда асау бағаны тұсаулауға шамалары жетпеді. Баға бірнеше пайызға көтерілді ақырында. Артынша жалақы көбейеді деп басу айтқан болды, алайда қымбаттаған баға мен аздап өскен жалақының арасы тым алшақ түсті. Нарық заманының парқын түсініп қалған жұртшылық оған да көнді. Енді доллар 200-ден асатыны туралы болжам расқа айналса ніл бұзылмаса да наразы халыққа қосылмайтын үн қалмас. Әрине, ұлттық банк баяғы әніне салып, «көк қағаз құны құбылмайды, теңге құнсызданбайды» деп жатыр. Алайда жыл басындағыдай ойламаған жерден «ойбайлатып» жатса, оған да таң қалмаймыз. Бірақ... «Алаш айнасы» осы өзекті мәселеге қайта айналып соққанды жөн көрді.

Ілияс Исаев, экономист-сарапшы:

– Доллар қымбаттайды. Мұнайдың бағасы төмендеуі мүмкін деген болжам шындыққа айналып барады. Ал мұнай бағасы арзандаса, әлбетте доллар қымбаттайды. Ол заңдылық. «Дүниежүзілік өндірісте мұнай артық шығарылып қойды. Қор жеткілікті. Мұнайды тұтынушы елдің негізгісі – Қытай десек, Қытайдың экономикасы келешекте құлдырауы мүмкін» дейді әлемдік сарапшылар. Менің де ойым осыған саяды, яғни мұнай бағасы төмендесе, доллар міндетті түрде күш алатын болады. Доллар қымбаттаса халықтың байбалам салмағандары жөн. Мынаны ескерген абзал: Әемдік нарықта біздің ұлттық қорымыз теңіздің тамшысындай ғана. Былайша айтқанда, ЖІӨ бар болғаны 230 миллиард долларды құрайды. Білсе білсек, Америкадағы бір адамның байлығы бұл. Біз долларға тәуелдіміз. Біз әлемдік нарықтың ықпалынан шыға алмаймыз, себебі уақыт озған сайын жаһандық экономика интеграцияланып барады. Сондықтан да, елдің кез-келген жағдайға дайын тұрғандары дұрыс.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай