Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.70
EUR / KZT - 348.20
CNY / KZT - 45.10
RUB / KZT - 5.49

Қазақстанды Ресейдің губерниясы көретіндерді неге жазаға тартпаймыз?!

14 Шілде 2014, 17:23
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Қазақстаннның тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты – Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Еліміздің Ұлттық қауiпсiздiгі "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" ҚР Заңымен қорғалған. Аталмыш заңда «мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi» деп жазылған.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" заңының 5-бабының 2) –тармағына сәйкес, «конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатер болып табылады.

Алайда, Ресей мен Украина арасындағы жағдайдан кейін Ұлттық қауiпсiздiк туралы заңды белшесінен басып, Қазақстанның Ресейге қосылуын әлеуметтік желілер арқылы ашақтан-ашық насихаттаушылар пайда болды.

Ермек Тайчибеков атты азамат өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында Жамбыл облысында тұратын, Қазақстанның Ресейге қосылғанын қалаймын дейтін азаматтарды тауып, бейнетаспаға түсіріп, оны әлеуметтік желіде- youtube.com сайты арқылы жариялаған. Сол арқылы "бүкіл жамбылдықтар Қазақстанның Ресейге қосылуын қалайды" деп көрсеткісі келген болса керек. Бейнежазбада "Ресейге қосылу арманым", "Қазақстан Ресейдің губерниясы болғанын қалаймын" деген сөздерді азаматтардың ауызына салып бергені байқалады. Тіпті, қасына екі баласын ерте шыққан бір азамат ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата "қарапайым адамдарға егемендіктің қажеті қанша, шекараны алып таста" деп соғады.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай