22 шілде 2014 14:09

Сакен МАЙҒАЗИЕВ, әнші: Жарнамасыз-ақ, клипсіз-ақ жұрттың жүрегін жаулап алуға болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақ эстрадасының көшін бастап келе жатқан «Музарт» тобына деген көпшіліктің ризашылығында шек жоқ. Үндері үндескен үштіктің өнерін жоғары бағлайтын көрермен қауым олардың жаңа әндерін әрдайым асыға күтеді. Сағына күтеді. Олардың репертуар таңдаудағы талғампаздықтарына да айтар уәж жоқ. Олардың орындауындағы әрбір ән жүректердің төрінен орын алады. Сезім қылын шертеді. Әсем ән әлемінде әлдилейді. Осыдан да болуы керек олардың «әттеген-ай» дегізген кездері жоқ. Тілеулестері олардың әрдайым биіктен көрінуін тілеп отырады. Күні көп түсетін өлкеге атбасын жиі бұруын тілейтіндер де жоқ емес. Тілек қабыл болған сықылды. Көрерменін қуанышқа кенелткен топтың мүшесі Сәкен Майғазиевтен «Алаш айнасы» тілшісі алған сұхбаттың алғашқы сұрағы да осыдан басталды.

– Жанды дауыспен ән айту өте күрделі дүние. Оған ұзақ уақыт дайындық керек. Қазіргі шығып жатқан жастардың қолынан келе бермейді. Әйтпесе бәрі жанды дауыспен айтқысы келеді. Бүгінде тек «Музарт» қана жанды дауыспен айтып жүр деуге болмайды. Жас таланттар көп. Бұл заңға кіргізетіндей, Мәдениет министрлігіне ұсыныс түсіретіндей мәселе емес. Фонограммамен айтатындар айтып жүре берсін. Қазір халықтың көзі ашық, ненің ақ, ненің қара екенін айыра біледі. Кейбір елдерде жанды дауыспен айтқанды қаламайды. Енді біреулер «тірілей» айтқанды ұнатады. «Фонограмма жойылсын» деп бірден кесіп-пішіп, талап қоюға болмайды... Біраз жыл болды тобымыдың толыққанына. Енді топ жәй ғана топ емес, вокальды-аспаптық ансамбльміз. Ортамыз кеңейді. Қазір көпшілік сүйемелдеуші әрбір аспаптың дыбысын ұмытып барады-ау деген күдігіміз басым. Шынайы дыбысты ансамбльдің қадірін түсінетін кез де келер. Бізге деген тыңдарманның талап-тілегі де күшейді деп ойлаймын. Биік белеске көтерілдік екен деп бір орында тұрып қалу бізге жат. Бүгінгі қазақ эстрадасында тыңдарманын тауып, көпшіліктің көңілінен шыққан әндер келешекте де жасампаз болуы үшін бүгін талмай талаптанып, тер төгіп еңбектенуді қажет етеді. Бүгін жасындай жарқ етіп, жұлдыздай жарқыраған ән, не болмаса әнші ертеңіне ешкім естімегендей жоқ болып кетіп жататыны жасырын емес. Әр әннің, әр әншінің бағасын беретін халық пен төреші уақыт. Әркім ұмытылып кетпеуі үшін, ертеңі үшін еңбектеніп, жүректерге жол таба білуі тиіс.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети