Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.97
EUR / KZT - 381.05
CNY / KZT - 48.44
RUB / KZT - 5.45

Қазақстан төлқұжатын үлестіріп жүрген кімдер?

23 Шілде 2014, 12:00
0
fanatik.kz фото
fanatik.kz фото

 Бүгінде Қазақстан футболында төлқұжат дауы, «Тонев дауы» қызып тұр. Ел біріншілігінде доп теуіп жүрген кейбір келімсектердің біздің төлқұжатымызды қалай алып алғандары мүлде түсініксіз, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Қазақ футболында келімсектерден көз сүрінеді

Қазіргі таңда біздің елде Қазақстан азаматығын алып, ел біріншілігінде нәпақа тауып жүрген шетелдіктер саны жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстанның кәсіпқой футболшылары мен жаттықтырушылары қауымдастығы осы мәселеге ерекше ден қойып, ойыншылардың біздің елдің азаматтығын қалай алып жүргендеріне айрықша көңіл бөле бастады. Себебі бұл мәселе шегінен шығып бара жатқандай.

Аталған қауымдастықтың есебінше, бүгін Қазақстан премьер-лигасында 84 легионер бар екен. Ал 53 футболшы Қазақстан азаматтығын алған. Сонда 137 футболшы Қазақстан аяқдобының түлегі емес!

Ал премьер-лигада 12 команда ойнайды. Әрбір ойынның хаттамасына әр команда 20 шақты ойыншы тіркейді. Сонда бүгін Қазақстан премьер-лигасында доп теуіп жүрген футболшылардың қанша пайызы шетелдіктер екенін өздеріңіз де есептей беріңіздер. Енді, ешбір клуб шетелдік ойыншыларды қосалқы құрамда ойнату үшін шақырмайтын шығар? Олардың бәрі де команда құрамын нығайту үшін алынбай ма? Яғни бәрі дерлік негізгі құрамда ойнайды деуге негіз бар сияқты...

Айтпақшы, дәл қазіргі таңда «жаңа қазақтары» көп команда «Ақтөбе» екен. Өткен жылғы ел чемпионының сапында тоғыз футболшы Қазақстан төлқұжатын алып, ойнап жүр. Ал «жаңа қазақтары» ең аз клуб – «Тараз» (екі футболшы).

Ал 2002 жылдан бері, яғни Қазақстан УЕФА құрамына енгелі, біздің елдің азаматтығын алған 30 футболшы ұлтық құрамамыздың сапында ойнапты. Енді, мына қызықты қараңыз, осылардың 16-сы жасыл алаңдағы карьераларын аяқтаған. Тек Қайрат Отабаев қана атажұртына қоныс тепкен де, екеуі (Олег Корниенко мен Роман Узденов) Қазақстан чемпионатында еңбек етіп жүрген көрінеді. Бірақ олар да Ресейде тұрады екен. Қалғандары өздерінің тарихи отандарына кетіп қалған...

Футболшылардың азаматтық алу «жыры» – ескі «жарамыз»

Негізі, бұл биыл ғана көтеріліп жүрген мәселе емес. Отандық журналистер жылда көсейтін. Бірақ ешқандай да нәтиже болмайтын. Мысалы, былтыр 50 футболшы Қазақстан азаматтығын алған. Легионерлердің қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде біздің елдің азаматтары болып шыға келгеніне таң қалған Леонид Юрьев деген әріптесіміз («Мегополис» газетінен) ІІМ сұрау салып, өтініш жолдайды. Содан Қазақстан футбол федерациясының Кәсіпқой футбол лигасында біздің елдің азаматтары ретінде тіркеліп тұрған үш футболшыда көк төлқұжат жоқ екендігі әшкере болған. Олар – Заурбек Плиев, Виктор Дмитренко, Андрей Порываев. Бірақ олар кейіннен біздің елдің төлқұжатын... ақыры алып тынды. Рас, біраз уақыт олар жасыл алаңға шыға алмады. Плиев тіпті «Аланияға» барып, доп қуып келді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай