28 шілде 2014 11:04

Айт мерекесін неден бастау керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

health.mail.ru health.mail.ru

Алда мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы келе жатыр. Жалпы бұл мерекені қалай қарсы алған жөн? Неден бастау керек?


Алда мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы келе жатыр. Жалпы бұл мерекені қалай қарсы алған жөн? Неден бастау керек?

Қасымхан, Теміртау қаласы

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, қастерлейді. Енді «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, қазақ халқы той алдындағы қарбаластың да маңыздылығына зор мән берген. Мұсылман елдерінің Ораза айт мерекесінің де арнайы дайындық күні бар. Ол арафа күні деп аталады. Бүкіл мұсылман осы күні айтқа қызу әзірленіп, алдын-ала қамданады. Әр үйде жылы-жұмсақ, тәтті тағамдар дайындалып, сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастархан жайылады. Ораза айт мерекесі алдында мұсылман қауым толықтай шомылып, ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, таза киімдерін киіп, айт намазына қатысуға қамданады. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүндеті. Демек, Алла елшісі (с.ғ.с) бұл күні мұсылмандарға барлық жағынан таза болуға үндеген. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барар алдында құрмадан дәм татпай үйінен шықпайтын. Сондықтан айт намазына барарда үйден дәм ауыз тиіп шыққан абзал. Ал бірақ Құрбан айтта ештеме жемей шығу керек. Өйткені Алла елшісі (с.ғ.с) Құрбан айт намазын оқымай ештеме жемейтін. Сондай-ақ Құрбан айт намазы ертерек оқылса, ал Ораза айт намазы сәл кешірек оқылады. Ораза айт намазын кейінге іргелітудің даналығы мұсылмандар пітір садақасын кедейлерге асықпай беріп алсын деген ойдан шыққан. Ал Құрбан айт намазын оқуға асығудың мәні – адамдар құрбандықтарын ертерек шалып, олардан тезірек дәм татып, таратсын деген ойдан шыққан болуы керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети