30 шілде 2014 15:30

Футбол өлтірген фанаттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

photo-journal.by photo-journal.by

 Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионаты аяқталғалы біршама уақыт өтті. Футбол тойы аяқталса да, оның маңайындағы алып-қашпа әңгімелер әлі айтылып жатыр. Айтыла да береді. Бір жанкүйер Бразилияның нашар дайындығын айтса, бірі әлем чемпионаты кезіндегі сенсациялар туралы сөз қозғайды. Енді бірі әлем біріншілігіне бәс тігіп, қанша сомма ұтқандарын дүйім жұртқа мақтанады, деп жазады «Алаш айнасы».


 Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионаты аяқталғалы біршама уақыт өтті. Футбол тойы аяқталса да, оның маңайындағы алып-қашпа әңгімелер әлі айтылып жатыр. Айтыла да береді. Бір жанкүйер Бразилияның нашар дайындығын айтса, бірі әлем чемпионаты кезіндегі сенсациялар туралы сөз қозғайды. Енді бірі әлем біріншілігіне бәс тігіп, қанша сомма ұтқандарын дүйім жұртқа мақтанады, деп жазады «Алаш айнасы».


«Бақ шаба ма, бап шабады ма» деген әдемі сөз бар қазақта. Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатында баптары мен бақтары қатар шапқан жанкүйерлер әмиянын толтырып, байып жатса, енді бірі барлық жиып-терген мүлкін букмекерге өткізіп, өмірден де өтіп кетіп жатыр.


Бәс тігіп бақилық болғандар

Сондай жағдайлардың бірі Әлем чемпионаты аяқталған соң біздің оңтүстіктегі көршіміз Қырғызстанда орын алды. Ол жақта біріншіліктің Германия және Аргентина арасындағы кездесуден кейін 21 жастаға жанкүйер өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды. Оқыс оқиға ел астанасы Бішкектің «Көк-Жар» ықшам ауданында болған екен. Полиция өкілдерінің айтуына қарағанда, ол жанкүйер ӘЧ басталар алдында көлігін сатып, жиналған барлық ақшасын Аргентина құрамасының жеңісіне тіккен. Ал, финалдық ойында солтүстік америкалық құрама жеңіліп қалғаннан кейін, барлық ақшасынан айырылғанын сезінген фанат, өз-өзіне қол жұмсаған.

Мұндай қайғылы оқиға Қытайда да тіркелген. Қытай университеттерінің бірінде оқитын екінші курс студенті ӘЧ бас тігіп, 3 мың АҚШ долларын ұтылып қалған соң университет қабырғасының 7 қабатынан секіріп кеткен. Ол бұл сомманың барлығын біреуден қарызға алған екен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиғаның алдында ол 10 минуттай ұялы телефонмен сөйлесіп, қарызды қайтарып беру үшін тағы бірнеше уақыт беруін сұраған көрінеді. Телефонмен сөйлесіп болған соң университеттің жетінші қабатынан секіріп кеткен. Ол азаматты дереу емханаға жеткізген, бірақ ол жақта оның өмірін сақтап қала алмады. Достарының айтуынша, ол біреуден қарыз алып, ӘЧ-на бәс тігіп, барлық ақшасын ұтылып қалған.

Әлем чемпионаты барысында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. Бірақ, бұл жолы фанат букмекерлік кеңселерге ақша ұтылып емес, өзінің сүйікті командасы ірі есеппен жеңіліп қалғаннан кейін болды. Бұл оқыс оқиға Непал астанасы Катмандудан 250 шақырым жерде орын алған. 15-жасар Прагийа Тапа есімді жанкүйер Бразилия құрамасы Германияға 1:7 есебімен ұтылып қалған соң, өз-өзіне қол жұмсап, мерт болған. Анасының айтуына қарағанда, ол Бразилия құрамасының финалға шыққанын қатты қалаған. Бірақ, жартылай финалда пентакампеондар сүрінген соң, оны достары мазақ еткен.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети