Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Мәйітті жерлеудің орнына жағып жіберген дұрыс деп ойлаймын

30 Шілде 2014, 15:33
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Қазақтың салт-дәстүріне байланысты адам өлген соң денесін жер қойнауына тапсырады. Өйткені, қазақта «адам топырақтан жаралған, қайта топыраққа айналуы керек» деген наным бар. Алайда бұл дұрыс емес сияқты. Себебі, адам қайтыс болған соң оның жаны денеден бөлініп, көкке ұшып кетеді. Сондықтан өлгеннен кейін адам денесінің не болатыны аса маңызды емес. Бүгін «Алаш айнасы» арқылы мәйітті жерлемей, өртеп жіберген дұрыс екенін дәлелдеп көрейін.


Таяуда Алматы маңында крематория салынатыны жайлы сөз болды. Ондағы мақсат – жерді үнемдеу, далада өліп жататын ит, мысықтардың ауру тарату қаупін жою. Бұл орынды.

Отқа табынушы елдерде адам қайтыс болған соң оның денесі өртеп жіберіледі екен. Кей елдерде оның күлін қорапқа салып сақтап қойса, енді бір елдерде күлді суға ағызып жіберетін көрінеді. Байыптап қарасақ, отқа табынушылық қазақта да бар. Күйеу жігітке, жаңа түскен келінге отқа май құйғызу салты қазір де сақталған. Демек отқа табынушылық бізге де жат емес.

Мәйітті жерлемей өртеп жіберудің тиімді тұстар да бар. Тарихқа үңілсек, бұрынғы заманда жұқпалы ауырумен ауырған адамдарды жерлемей, өртеп жіберген. Өйткені жерленген денені кеміргіштер жеп, ауруды қайта сыртқа алып шығып, тарату қаупі жоғары. Ал қазіргі уақытта қандай аурумен ауырып қайтыс болса да, мәйітті өртемей, жер қойнауына тапсырады. Демек бұл қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Сондықтан мәйітті өртеуді санитарлық тазалық деп қарауға болады. Сонан соң өлген адамның денесі құрт құмырсқаға жем болып, қорланбайды. Өйткені, кей жағдайда қабірді түлкі, қарсақ сияқты аңдар мен кеміргіштердің қазып, адам сүйегін сыртқа шығарып тастағанына өзіміз куә болып та жүрміз. Сонымен қоса, қазір қала маңында үй тұрғызуға жер жоқ, алайда жерді бірнеше гектарлап алып жатқан зираттар бар. Бір ғана Алматы қаласының маңында 41 зират бар. Орын болмағандықтан олардың 27-сі жабылған. ЖЭС-2 ауданында орналасқан ортақ зиратттың аумағы 293 гектар жерді алып жатыр.

Егер зираттар болмаса, ол жерлерде тұрғынүй құрылысына пайдаланып, баспана мәселесін жеңілдетуге болар еді. Оған қоса, жыл сайын зираттардың аумағы артып, жер жетпей, талас-тартыс көбейіп жатыр. Бұл өз кезегінде біреулерге зираттан орын сатып, кәсіп жасап, ақша табуға, күнәға белшеден батуға жол беріп отыр. Қазіргі кезде өлген адамды жерлеу үшін зираттан орын алу оңай емес.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай