04 тамыз 2014 11:05

Ақшаны әйелге беру болашағы жоқ инвестициямен бірдей

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Отбасы – шағын мемлекет болғандықтан оның өз «президенті», «қаржы министрі» болатыны анық. Сол мемлекетті басқару бір басқа да, оның қаржылық мұқтаждықтарын өтеу екінші мәселе. Кезінде Шортанбай ақын «Сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты» деген екен. Бүгінде мына ақша билеген заманда қаржысыз жүру мүмкін емес. Тіпті, ақша дегеніңіз отбасындағы кикілжіңнің шығуына бірден-бір себеп екені рас. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген тағы бар. Дегенмен бұл мақал кейде керісінше ықпал ететіндей. Бас құраған жұбайлар ақшаның кесірінен ажырасуға дейін барып жатады. Оған дәлел сол ажырасқандар ішінде мен де бармын. Сондықтан мен өз басымнан өткен оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарына әңгімелеп берсем деп шештім. Ондағы ойым кейбір жас отбасыларына біздің басымыздан өткенді қайталамаса екен..

Кейін ойлап қарасам менің алғашқы келіншегіммен айырылысуыма шаңырағымыздағы үзіліссіз ұрыс-керіс қаржыға байланысты болған екен. Сондықтан жанжалды болдырмас үшін, үйдегі қаржы мәселесін шешіп алу үшін ең алдымен, кез келген ерлі-зайыптылар өзара ақылдаса келе әмиян-ның егесін, яки үй есепшісін бекітіп алғаны жөн. Кезінде мен де келіншегіммен қосылғанымда жасым небәрі 21-де, ал жұбайымның жасы 22-де болғандықтан біз екеуміз отбасын сақтап қалуда өте көп қателік жіберген екенбіз. Өкініштісі, екеуміздің бетіміз ашылғаны соншалықты ортамыздағы екі ұлдың тағдырын ойлауға да шамамыз жетпепті. Балаларымның бірі 9-дан асса, ал екіншісі 7-де. Менің қырсықтығым, Жайнагүл есімді әйелімнің дарақылы, отбасы бюджетін жоспарлауда ойланбастан әрекет етуі отбасымның күл-талқанын шығарды. Осыдан 3 жыл бұрын келіншегім екеуміз ажырасқанымызда үлкен ұлым – Жалғасты жалғыз әпкем өз қарауына алса, ал кіші ұлым шешесімен бірге Талғарға /Алматы маңы/ еріп кеткен еді. Кіші ұлым Ерасылыммен 3-4 рет телефон арқылы сөйлескенім болмаса, оны көрген емеспін. Нақтырақ айтқанда, бұрынғы әйелім жиі телефон нөмірін ауыстырып, мені ұлыммен әдейі сөйлестірмей жүргені анық. Ол туған әпкесінің қолына бара салысымен оның дүкенінде сатушы болып жұмыс істеп жүріп, жуырда біреуден қыз тауып алды деп естідім. Сол себепті бұдан кейін екеуміздің қосылмасымыз анық. Мүмкін бұл тағдырым да шығар... Бар алаңдайтыным ертең екі ұлым бір бірімен тіл табыса алар ма, бір бірін сыйлап, түсінісе алар ма екен? Ал қалған мәселе мен үшін аса қиындық туғыза қоймас деп ойлаймын.. Иншалла жолымда жақсы адам әйел кезігіп жатса, екі ұлымды да қолыма алсам ба деген ниетім бар.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети