04 тамыз 2014 15:22

Күтпеген жерден көпшілікке танылған спортшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аргументы и факты" фото "Аргументы и факты" фото

 Спортта ешқандай жүлде алмай-ақ атаққа қол жеткізуге де болады. Оны отандасымыз, волейболшы Сәбина Алтынбекова дәлелдеп берді. Ол 17 жасында әуедопта әлі де атаққа қол жеткізбсе де, өзінің сұлулығымен күллі әлемді таң қалдырды. Осы орайда батыстық басылымдар спорт тарихында бірде-бір жүлдеге ілікпей, сұлулығының арқасында жұрттың назарын өзіне аударған спортшылардың тізімін жасады, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


 Спортта ешқандай жүлде алмай-ақ атаққа қол жеткізуге де болады. Оны отандасымыз, волейболшы Сәбина Алтынбекова дәлелдеп берді. Ол 17 жасында әуедопта әлі де атаққа қол жеткізбсе де, өзінің сұлулығымен күллі әлемді таң қалдырды. Осы орайда батыстық басылымдар спорт тарихында бірде-бір жүлдеге ілікпей, сұлулығының арқасында жұрттың назарын өзіне аударған спортшылардың тізімін жасады, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Батыстық басылымдардың жасақтаған тізімнің бірінші сатысында біздің отандасымыз Сәбина Алтынбекова тұр. Ол Тайпейде өткен 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында барды. Бірақ, турнир барысында Сәбина көсіле ойнаған жоқ. Ол Тайпей паркетіне шыққан Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысы емес. Оның бұл турнир барысындағы басты көзірі – сұлулығы болды. Қазақ қызының ерекше сұлу екенін бірден байқаған жергілікті телеарна Алтынбекова туралы сюжет жасаған. Соның арқасында ол бір күннің ішінде танымал бола шықты. Қазіргі таңда оның «Инстаграмм» әлеуметтік желісіне 300 000 мыңнан аса жанкүйері тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша Сәбина Қазақстанда ең көп оқырманы бар адам болып танылады.

Жанкүйерлердің айтуына қарағанда, арудың түр-әлпеті жапон анимелеріндегі кейіпкерлерге ұқсайды екен. Бірақ, волейболшы турнир барысында мұндай танымал болып кеткеніне өзі де таң қалғанан айтады. «Шынымды айтсам, менің өзім қатты таңғалдым. Мен халықаралық турнирлерде елге қандай да бір пайда әкелуді қалайтын Қазақстанның қарапайым қызымын. Мұндай танымалдық мені таңғалдырды», – дейді 17 жастағы ақтөбелік спортшы.

Сәбинаның айтуына қарағанда, Тайпейде оны жанкүйерлер жүргізбей қойған. «Неге екенін білмеймін. Маған сондай жылы лебіздер, сыйлықтар ұсынып жатыр, әрине, бұл ұнайды. Бірақ ең бастысы, әлемде Қазақстанды да осылай таныса деймін. Азияда қазір көпшілік біздің туымызбен суретке түсіп жатыр, бізге жанкүйер болып жатыр», – дейді Сабина.

Тізімнің екіншісі сатысына ресейлік Анна Курникова орналасқан. Ол әуелде дүйім жұртқа теннисші ретінде танымал еді. Бірақ 22 жасында жарақатына байланысты спорттық ғұмырын аяқтап, әртістік өмірін бастаған. Анна спорттан кете саласымен оны атағы алысқа кеткен әнші Энрике Иглесиас өзінің бейнебаянына түсуге шақырады. Сөйтіп әп-сәтте-ақ Анна әлемге әйгілі болып кетеді. Дегенмен де, ол спортшы ретінде бірде-бір атаққа қол жеткізбеген. WTA турнирлерінде ешқашан топ жармаған.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети