Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

05 Тамыз 2014, 16:57
0

Спорт және дене шынықтыру агенттігі Нанкинде жалау желбірейтін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Агенттіктің таратқан ақпараты бойынша, 16-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтетіп жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады екен. Осы ретте айта кетейік, 2010 жылы Сигапурда өткен жасөспірімдер арасындағы І жазғы Олимпиада ойындарына біздің елдің жас таланттары 19 спорт түрінен 33 лицензия жеңіп алып, 47 спортшы және 13 бапкер қатысқан болатын.

Негізі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында жекелей сындағы спорт түрлерінде әр елге бес лицензиядан артық берілмейді. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының басты ерекшелігі де – осы. Бұл дегенміз алпауыт елдер жас таланттар додасына үш таңбалы санды спортшылар апара алмайды деген сөз. Есесіне, жағдайлары жұпыны елдердің жеткіншектеріне де төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігі туындайды.

Әрі жас спортшылардың арлы-бері жолдарын, жатын орындары мен тамақтарын Халықаралық Олимпиада комитеті өз мойнына алған. Ал қалған шығындарды (спортық киім-кешектер, мемлекеттік рәміздер және т.б.) әр мемлекет өзі көтеруі керек.

Сонымен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша мына спортшылар Нанкинде Қазақстан намысын қорғайды:

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай