06 тамыз 2014 13:39

Мұстафа Шоқай Әмірені көргенде жылап жіберіпті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ болатын.


Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ болатын.

Жақында отандық телеарналардан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ тапсырысымен Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін лейтмотив еткен шағын бейнероликтер көрсетіле бастады. Онда Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева секілді сахна шеберлері бастаған отандық өнер жұлдыздары Әміренің әнін жаңаша шырқайды. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын дәл сол әнді әнші атамыз Париж сахналарында әуелеткен еді. Ұрпақ сабақтастығы, дәуір үндестігі деген осы болар бәлкім. Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде белгілі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жарқын Шәкеріммен сұхбаттасудың реті келген. Жарқын аға қазақ халқының маңдайына біткен біртуар жұлдызы, қайталанбас талант иесі Әміре Қашаубаевтың даусын сонау 1974 жылы алғаш тауып, көпшілікке ұсынған еді. Жуырда ол кісі тағы да біраз тарихи тұлғалардың дауыстарын Мәскеуден алып келгенін атты. Әміренің орындауында фонографқа жазылған «Ағаш аяқ» пен «Балқадиша» әндеріне реставрациялық тазарту жұмыстары жасалғаны жайлы бізге қуана хабарлады.

- 1925 жылы Парижде өтпек Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін Кеңестер одағындағы әр республиканың маңдайалды әнші, күйші, бишілерін шақырту басталады. Шетелде КСРО имиджін көтеру үшін Сталиннің өзі идеологияға сондай тапсырма береді. Оны ұйымдастыру сол кездегі РСФСР халық ағарту комиссары А.В.Луначарскийге тапсырылыпты. Оның тақырыбы «декоративтік өнер көрмесі» болған екен. Соған байланысты Луначарский Семейге жеделхат жіберіп, Әмірені Парижге аттанатын делегацияның құрамына алдырғысы келеді. Жеделхат мәтіні былай болатын: «Семей қаласы, Шығыс көшесі, № 78 кварталда тұратын әнші Әміре Қашаубаев Париждегі Дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертіне қатысуға ризашылығы бар ма, осыны тез арада біліп, хабарлауыңызды сұраймын! РСФСР Ағарту Халық комиссары Луначарский». Қандай жағдай болғанын кім білсін, Семейдің сол кездегі шенеуніктері «бұл Әміре деген кім соншама Парижге баратындай» деп оны жібермей қояды. Болмағасын Луначарский екінші рет жеделхат жолдапты. Онда ол бірінші жеделхатқа жауапты тездетуді сұрап, Парижде болатын концерттің мемлекеттік маңызы барлығын жазған. Хабарды алысымен Әміре маусым айының ортасында жолға шығады. Бұл кезде Мәскеуде Париждегі Дүниежүзілік декоративтік өнер көрмесіне қатысу үшін әзірлік қызу жүріп жатқан еді. Үміткерлердің қатарында Украинадан О.Федеровская, Өзбекстаннан биші Тамара ханум, әнші Кари Якубов, Әзірбайжаннан Шевкет ханум Мамедова, Армениядан Сукиясов, Харибекишвили, Кахуров, Башқұртстаннан қурайшы Жұмабай Есенбаевтар болды (Жұмабай Есенбаевтың атын атаған кезде Жарқын аға: «шіркін, ондай қурайшы дүниеде біреу-ақ қой», – деп тамсана басын шайқады. – ред.). Париждегі Концерт бағдарламасының сценариін дайындау Владимир Маяковскийге жүктеледі. Жалпы, осы жерде айта кетер бір жағдай бар. Негізінде Әміре мен В.Маяковскийдің арасында жақсы сыйластық байланыс болғанға ұқсайды. Осы жағы әлі зерттелмей жатыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" көре аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети