Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.83
EUR / KZT - 349.96
CNY / KZT - 45.13
RUB / KZT - 5.50

Қазаққа пайдасы жоқ мереке кімге қажет?

11 Тамыз 2014, 16:41
0

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік туын желбіреткелі, құдайға шүкір, мерекеден кенде емеспіз. Мұның үстіне біз онсыз да негізінен тойшыл, сауықшыл, думаншыл халықпыз ғой. Мүмкін бұл жаман қасиет емес те шығар. Алайда кей-кейде тым асыра сілтеп жібереміз. Тойдың да тойы бар екендігін қаперден шығарып алатындығымыз тағы бар. Солардың ішінде өзімізге зияны тиетіндері, тіпті елдігіміздің тұтастығына сына қағатындары да екендігіне ой жіберіп жатпайтындығымызды қайтерсіз.

Сондай бір табиғатымызға жат тойлардың бірі, жыл сайын кең байтақ еліміздің аудан мен қала әкімдерінің бір-бірінен асып түскісі келіп, жарыса өткізетін мерекесі — Қала күні деген дардай атағы бар мейрам-сымақ. Бюджеттің есебінен қисапсыз мол қаржы жұмсалатын, соның қомақты бөлігі негізінен Ресейден шақырылған ортаңқол артиссымағының қалтасында кететін мереке. Қазақтың, яғни осы елдің иесінің не тарих қойнауында қалып қойған тамаша салт-дәстұрін, не бай тарихын насихаттауға тигізер көк тиын пайдасы жоқ меркесымақты атап өтуді тоқтататын күн туды деген ойдамыз. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, осы мерекені тойлаудың өзі «сендерде қала деген атымен болған жоқ. Бұларды салып берген біз» деген арам ниетті жандардың қолтығына су бүркеміз. Яғни осы қалалардың жүз бірдеңе жылын атап өту арқылы сол шаһарларды салған кісілердің аттарын атап өтуге мәжбүр боламыз. Демек, олардың «қала салған еңбегін» қосымша түрде болса да мойындауға мәжбүрміз. Ал бұлардың кезінде қазақтың болашағын ойлап салынған дүние еместігін, қайта қазақ жерін уыста мықтап тұрып ұстап тұру мақсатымен жедел тұрғызылған әскери бекініс есебінде тұрғызылғандығы тіпті де естен шығып кетеді.

Өзгелерді білмеймін, біздің Қостанайда дәл осы «дәстүр» көптен бері қалыптасқан. Биыл да сол қарқыннан тайған жоқпыз. Қостанай қаласының 135 жылдығын атап өту тамыз айының аяқ кезіне белгіленсе де, дайындық жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Әсіресе, осы күнге арналған «керемет сурет көрмесі ашылды» деп бастықтар мен баспасөз біткендер әйелдері ұлт тапқандай қуанып жатыр.

«Бұрын-соңды болмаған бұл не керемет екен» деп әуесқойлықпен біз де оған бас сұқтық. Сөйттік те шалқамыздан түсе жаздадық. Облыстық өлкетану мұражайының бір бөлмесінде орын тепкен бұл көрме жергілікті суретшілердің туындыларынан тұрады екен. Оның ең көрікті жерінде, өзге суреттен еңсесі биік жерде әскерилердің оқалы киімін киген сол кездегі «Торғай облысының генерал-губернаторы Константинович» пен «полковник дәрежесіндегі Липпо» дегеннің портреттері «мен мұндалап» бірден көзге шалынады. Қазаққа ерекше еңбегі сіңген адамдардай шіреніп тұрғандығын қайтерсің.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай