12 тамыз 2014 12:50

Он жеті жас айырмашылығымыздан азап шегіп жүрмін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы мәселе туралы жазсам ба, жазбасам ба, деп көп оқталдым. Бірақ, жақындарыма да, құрбыларыма да, тіпті күйеуімнің өзіне де айта алмайтын сырым менің жан жарама айналды.


Осы мәселе туралы жазсам ба, жазбасам ба, деп көп оқталдым. Бірақ, жақындарыма да, құрбыларыма да, тіпті күйеуімнің өзіне де айта алмайтын сырым менің жан жарама айналды.

Күйеуім менен 17 жас үлкен. Алғаш үйленген жылдары жас айырмашылығымыз еш байқалмайтын. Қайта «неғұрлым үлкен болса, соғұрлым семьямыз берік болады, түсіністікте ғұмыр кешеміз» деп ойлап, солай болғанына қуанғанмын.

Шынында да екеуміз бір-бірімізді қабағымыздан ұғамыз, ешқашан бет жыртысып ұрсысып, қатты сөз айтысып көрмеппіз. Күйеуімді қатты жақсы көремін. Бірақ арамызда бір шешілмейтін мәселе бар. Сол мені іштей қинап жүргелі көп болды.

Ашып айтуға ұялып-ақ отырмын. Бірақ ақыры бастаған соң, айтқаным да дұрыс шығар. Мәселе екеуміздің жақын қатынасымызға қатысты.

Менің жасым отыздан жаңа асты. Ал жолдасым елуге аяқ басты. Қазір оның төсектегі қажеттілігі менің қажеттілігіммен сәйкес келмейді. Қатынасымыздың арасы тым ұзап кеткенде менің жүйкем жұқара бастайды. Ішкі сырымды ешкіммен бөліспеген соң ба, оңашада көз жасымды төгіп-төгіп аламын, сөйтсем жеңілдеп қалатындаймын. Әр нәрсеге ашуланып, қабағым да ашылмай қояды. Қанша солай жасамайын десем де, үнемі еркімнен тыс солай болады да тұрады. Тіпті өңімде аңсаған нәрсені түсімде көретін болдым.

Өмірдің қызығы сол ғана ма, онсыз да қызық тірлік кешуге болады ғой деп өзімді қанша алдаусыратуға тырыссам да, болар емес. Ақылым көнгенмен, ағзам көнгісі келмейді екен.

Ол маған «өкпешілсің» деп кінәлайды. Сондайда барлығын ашып айтқым келеді де, көңіліне қаяу салып аламын ба деп қорқамын.

Өз-өзіммен арпалысып жүріп, осы қиындықтан қалай құтылуға болады деп шығарға жол іздедім. Ғаламтордан «Сексті не алмастыра алады» деп біраз іздедім. Спортпен айналысу септеседі, сүйікті ісіңмен шұғылдан, күлкі де ем деген сияқты бірнеше кеңестерді шығарып алдым. Сосын сол кеңестерге құлақ түріп, бірқатарын шамам келгенше орындап жүрмін.

Дегенмен мәселенің шешімі толық табылды дей алмаймын.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети