12 тамыз 2014 18:08

Баланы мектепке дайындау үшін несие аласыз ба, әлде...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамыз айы – саудагер атаулының табысын еселей түсетін сәт. Бұл айда бірқатар қауым баласын мектепке даярлап әлек болса, қайсыбір қауым студент баласының жоқ-жітігін түгендеуге бейіл, енді бір бұқара алыс-жақын шетелге баласын оқуға аттандырып әуре. Былайынша айтқанда, тамыз – саудагер атаулының табысын еселейтін тұс. Осыны сезген бойда сол саудагеріңіз тауарының бағасын бір демде өсіре қояды. Ал бұдан соң қажет дүниеңді ертерек түгендеп қоймағаныңа еріксіз қынжыласың.


Тамыз айы – саудагер атаулының табысын еселей түсетін сәт. Бұл айда бірқатар қауым баласын мектепке даярлап әлек болса, қайсыбір қауым студент баласының жоқ-жітігін түгендеуге бейіл, енді бір бұқара алыс-жақын шетелге баласын оқуға аттандырып әуре. Былайынша айтқанда, тамыз – саудагер атаулының табысын еселейтін тұс. Осыны сезген бойда сол саудагеріңіз тауарының бағасын бір демде өсіре қояды. Ал бұдан соң қажет дүниеңді ертерек түгендеп қоймағаныңа еріксіз қынжыласың.

Әдетте, қазақ баласы сауда-саттыққа жиналған жамағайынына «саудаң базарлы болсын, көңіліңді, сергітіп қайт» десіп жатады. Десек те, біздің қазіргі саудамыз базарлы болмай-ақ тұр. Бұл орайда біз саудаға қатысты «бағаны нарық билейді» деп жатамыз. Бірақ бір ғана мектеп формасына қатысты мақала дайындау барысында "Алаш айнасы" базардағы бағаның парқына қарап, бағаның нарыққа да бағынбай кеткенін көңілге түйді.

Директорлар да делдал болып кеткен бе?

Мектеп формасы туралы сөз еткенде біз алдымен мына мәселеге тоқталуды жөн санадық. Мысалы, нақ осы тамыз айында тек қана қара базардағы саудагердің ғана қалтасы еселене түспейді. Қайсыбір мектеп директорлары да осы тұста «делдалдық қызмет» атқарып кететін көрінеді. Қарапайым халықтың айтуынша, 2003 жылдан бері отандық біркелкі мектеп формалырын тігіп, тұтынушыларды қамтамасыз етіп келе жатқан еліміздің кейбір сауда үйлері бүгінде мектеп формасына қатысты мектеп директорларымен өзара келісімге келуге әбден машықтанған. Мәселен, мектептің директорлары қазірде ата-аналарға тек қана белгілі бір сауда үйінің мектеп формасын алуды міндеттеп жатады. Ал мұның артында директордың табыс түсімі де жатқан көрінеді.

Марал Төртенова, экономист-сарапшы:

– Жасыратыны жоқ, отандық компаниялар нақ осы тамыз айында кейбір мектеп директорларымен арнайы келісімге де келіп жатады. Мәселен, ол келісімнің түрлері «сіз мектептегі 700 оқушыңызды біздің фирманың мектеп формасымен киіндіруді міндеттесеңіз, одан түскен түсімнің 20-30 пайызы сіздікі» деген тәрізді болып өрбуі де мүмкін. Бұдан барып мектеп директорлары ата-аналарға «біздің мектептің балалары тек қана бір фирманың бірыңғай мектеп формасын киеді» деген тәрізді міндеттемелер қоя бастайды. Ал мұның соңы отандық компаниялардың жергілікті тұтынушыларды толық қамти алмауына апарып соқтырады да, бұдан барып нарыққа асығыс тігілген, сапасы төмен өнім жол тартады. Осыдан кейін мерзімдік сауда жүйесі бізде үнемі ақсап жатады. Сондықтан науқандық сауда кезінде үкіметтік бақылаушы органдар қадағалау жұмыстарын арттырса жөн болар еді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети