14 тамыз 2014 14:46

Ақ Олимпиада Алматыда өтуі әбден мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қысқы Олимпиаданы өткізуге Бейжің басты фоварит, ал Алматы аутсайдер деп отыр. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі Алматының аутсайдер емес, анық фоварит екенін анықтады.


Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қысқы Олимпиаданы өткізуге Бейжің басты фоварит, ал Алматы аутсайдер деп отыр. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі Алматының аутсайдер емес, анық фоварит екенін анықтады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы директорлары үш қаланы яғни, Алматы (Қазақстан), Бейжің (Қытай) және Ослоны (Норвегия) 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындайрын қабылдауға үміткер қала ретінде бекітіп қойғаны белгілі.

Райларынан қайтқандар

ХОК-тың ресми бекіткен үш қаласын талдаудан бұрын әуелі қысқы Олимпиаданы қабылдауға кімдер үміткер болып, кімдер райларынан қайтқанын бір еске түсіріп алсақ. 2022 жылғы Ақ Олимпиаданы өз жерінде өткізуге ең алғаш болып ниет білдірген – біздің Алматы. Содан соң бірнеше ел ХХІV қысқы Олимпиаданы өз жерінде өткізуге өтініш білдіретіндей сыңай танытты. Әйтеуір, әр түрлі деңгейде мәлімдемелер жасалған болатын.

Бұл ретте АҚШ (Денвер), Канада (Квебек), Финляндия (Тахковуори, Куопио, Хельсинки), Франция (Тулуза), Румыния (Брашов), Босния мен Герцеговина (Сараево) сынды мемлекеттерді атап өтуге болады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ХОК-ке ресми түрде өтініш түсірген жоқ.

Ресми түрде мәлімдегендерімен, соңғы сәтте «тайқып» шыға бергендері де – бар. Әу баста Швейцарияның екі бірдей қаласының (Давос пен Санкт-Мориц) 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге дәмесі зор сияқты еді. Алайда, Альпі таулары сілеміндегі осы екі әйгілі курорт орналасқан Граубюнден кантонасында (аймағында, өлкесінде) өткізілген референдумда тұрғындар қарсы болып, швейцариялықтар райларынан тез қайтты. Каталония провинциясының астанасы Барселона да соңғы сәтте шешімдерін өзгертіп, өз кандидатураларын төрт жылға шегере тұруды жөн санады.

Германиядағы Мюнхеннің жағдайы мүлде басқаша болды. Көптеген неміс саясаткерлері мен спорт қайраткерлері қолдау көрсеткендерімен, халық қарсы болды. Өткен жылы 10-қарашада Бавария жерінде өткен референдумда көпшілік қарсы дауыс беріп, Мюнхеннің өтінішінің да «аяғын аспаннан» келтірді.

2022 жылғы Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізгісі келетіндердің өтініштерін өткізу мерзімі былтыр қараша айында аяқталған. Өтініш бергендер арасында Украина мен Швеция да бар болатын. Нақтырақ айтқанда, Осло, Стокгольм, Алматы, Бейжің, Краков және Львов қалалары арасында нағыз қызу бәсеке болатындай еді. Бірақ, бұл бес қаланың екеуі өз өтініштерінен бас тартып, тізімнен шығып қалды.

Әуелі Швецияның астанасы Стокгольм қатардан шықты. Биылғы жылдың басында қала мэрі Стен Нордин «экономикалық жағдайларға байланысты» өз өтініштерін қайтып алатындықтарын мәлімдеді. Сосын мамыр айының аяғында Краков те бәйгеге түспейтіндіктерін мәлімдеді. 25 мамыр күні өткізілген референдум қорытындысы бойынша, қала тұрғындарының 70 пайызы қарсы болған-дүр.

Сөйтіп 7 шілде күні Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы директорлары үш қаланы яғни, Алматы (Қазақстан), Бейжің (Қытай) және Ослоны (Норвегия) 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындайрын қабылдауға үміткер қала ретінде бекітті.

Үш үміткер 15 критерий бойынша бағаланады

ХХІV қысқы Олимпиаданы қабылдайтын басты үш үміткер анықталды. Енді бұл үш қаланы ХОК мүшелері 15 критерий бойынша бағалайтын болады. Тарқатып айтар болсақ: 1) Жалпы жоба; 2) Қысқы ойындардың концепциясы және спорт ареналары; 3) Олимпиада қалашығы; 4) Медиа-орталық; 5) Спорттық шараларды өткізу тәжірибесі; 6) Қоршаған орта және метеорология; 7) Қонақ үй; 8) Транспорт; 9) Допинг-бақылау; 10) Қауіпсіздік; 11) Телекоммуникация; 12) Энергетика; 13) Елдің спорттық заңнамасы және виза; 14 Басшылық пен халықтың қолдауы; 15) Қаржы және маркетинг.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети