Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.57
EUR / KZT - 348.58
CNY / KZT - 45.23
RUB / KZT - 5.52

Бастығым қырындап жүр...

19 Тамыз 2014, 16:01
0
www.woman.ru
www.woman.ru

Мұндай жағдай «Қызметтестер хикаясы» сияқты фильмдерде ғана кездесетін сияқты еді. Бірақ кинода ғана емес, өмірде де осындай жайттардың жиі орын алатынына көзім жетіп отыр. Ішіме сыймаған сырымды ешкімге айта алмай, «Алаш айнасына» жолдағанды жөн көрдім.

Менің жасым 42-де. Әлі күнге дейін тұрмысқа шыққан жоқпын. Бауырларым бөлек шығып кетіп әкем жалғыз қалғандықтан, Астанадағы жұмысымнан шығып, осы қалаға әкемнің жанына көшіп келгенмін.

Мені мазалап жүрген – 65 жастағы бастығымның мінез-құлқы. Ол кісі үнемі мені кабинетіне жөн-жосықсыз шақырып, әлденені тыңғылықты орындағанымды сылтауратып бетімнен сүйе ме керек, әйтеуір қызық-қызық мінез танытып жүрді. Бастапқыда онысына мән бермейтін едім. Бара-бара ол кісі үйіме қоңырау шалып, «Сөйлесейік, келіп кетсеңші», - дейтінді шығарды. Әкемдей адамның мұнысы ерсі екен. Не айтарымды білмей, «Уақытым болмай тұр», - деп жүрдім. Содан бір күні кабинетіне шақырып, ашықтан-ашық: «Сен маған көптен ұнап жүрсің. Қала сыртына шығып келсек қайтеді менің машинаммен?» - деді. Тағы да бірдеңе айтып құтылдым. Шынымды айтсам, бастығымның әрекеті күлкілі. Өзі бойы тәпелтек келген бір уыс адам. Қыз-қырқынға қырындайтындай бір түрі болса екен дейсің. Үйінде бәйбішесі бар. Серілік құрғысы келетіндей қалтасында ақшасы мол, курорттарға қыдыртатын, әдемі көлікпен жүретін қауқары болса, тіпті, ең болмаса, жас шамасы дұрыс болса бірсәрі. Жоқ, ол кісіде мұның бірі де жоқ, әйтеуір қоластында істейтінімді пайдаланып маған қырындай беретінін қайтерсің. Бір керемет компанияның бастығы болып жатса, ол да жөн дер едік. Басқаратыны – пәлендей беделі жоқ кішігірім мекеме. Жалақы да қатып тұрған жоқ. Кей кезде бастығымның осы бос әурешілік әрекеттері мультфильмдердегі персонаждарды көз алдыма елестетіп, өз-өзімнен тырқылдап күліп отыратыным бар.

Дегенмен, бір уыс шалдың қайта-қайта қырындап, әлгіндей сөздермен шақыра бергені адамның қитығына тимей қоймайды екен. Бір күні мен ол кісіден жалығайын дедім. Өйткені ол менің айтқанына жүрмегеніме ерегесіп, сәл бір кешіккенімді пайдаланып немесе жұмыстан басқа да кемшілік тапқансып, әрнені желеу етіп, мерекелік сыйақыларымды қысқартып отырды. Содан әбден қаным басыма шапты. Бір күні еден жуатын жесір келіншек Пернегүлді шақырып алып, бастықтың әрекеттерін оған айтып бердім. Пернегүл шегі қатып тұрып күлмесі бар ма! Сөйтсем, ол Пернегүлдің де мазасын пәлен жылдан бері алатын көрінеді. Жесірлігін пайдаланып, басекең тіпті оның есігін де қағады екен. Бір күні Пернегүлдің қыздары каникулға кеткенін біліп алып, сол маңды торуылдап, Пернегүлдің үйін аңдыпты. Соны баяндаған Пернегүл маған:

- Басеке жалғыз сені ұнатып жүр деп малданба. Ол ұжымға түгел ғашық! – деп қосып қойды. Сөйтсем, басекеміз күйеуі мүгедек Сәнімге де қырындағалы пәлен жылдың жүзі болыпты. Сәнім – біздің есепші. Ол зейнеткерлік жаста болғандықтан, көбінесе жұмыстан шығарып тастай ма деп қорқып, бастықтың айтқандарын екі етпей орындап, арасында шайын жасап беріп, риза қылып жүреді.

Шынымен де бұрын байқамаппын. Енді қарасам, Сәнімді шақырып алып, бастық кабинетінде пыш-пыштайды да жатады. Бір күні жұмыстан қайтып бара жатқанымда қолына бір шөлмек шарап ұстаған Сәнім бастықтың кабинетіне кіріп бара жатты. Соған қарағанда, екеуі әңгіме дүкен құра отырып, шарап ішпекші.

Бірде Пернегүлді үйге шайға шақырдым. Екеуміз шарап ішіп қызыңқырап қалғанбыз ба, әйтеуір ерігіп отырып бастықтың үйінің нөмірін теріппіз. Ол кісі өзі алды тұтқаны.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай