20 тамыз 2014 12:15

Балаларым үшін жеңіл жүріске түскен жоқпын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Менің тағдырым өзім секілді мыңдаған қыз-келіншектердікімен ұқсас. Сүйіп қосылған жарыңның сатқындығын білу, ажырасу, содан кейін ұл-қызымды қалайда жеткізсем деп жанталасу, сөйтіп өз өміріңді бала-шағаңа ғана арнау бұл талай қазақ әйелінің басындағы жағдай. Соңғы кездері өзім сүйіп оқитын «Алаш айнасы» отбасылық өмірге қатысты арнайы айдар ашты. Осы жерден өзіме керегін оқып аламын, өзім секілді жандардың тұрмыс-тіршілігіне қаныға келе мен де басымнан өткен жайларды оқырманмен бөліскім келеді.

Осыдан он жыл бұрын жұбайыммен ажырасуға тура келді. Тура келді деп отырғаным, оның опасыздығын біліп қойдым. Естісем, сенбес едім, көзіммен көрдім. Сосын өзімді қорлатып қойғым келмеді, тұла бойды кернеген ашу-ыза шыдатпай, бір күннің ішінде үш баламды жетектеп қаладан бір-ақ шықтым. Осында күйеуі қайтыс болған апам бес баласымен тұратын, солардың үстіне аядай үйге тағы төрт ауыз қосылды. Апам жасынан қиындықты көп көргесін бе, шыңдалған, дәті берік адам еді. Оның қасында мен сылбыр, бостаумын. Алғаш келген күннен-ақ: «Басыңды көтер, езілме, балаларың үшін қайрат қыл, намысыңды таптатпағаның дұрыс болған! Сенің арың таза, енді еңсеңді көтеріп, үш балапаныңды жылатпау үшін қарекет қыл!» – деп нықтап айтты. Шынымды айтсам, жылаумен өткізген күндерімде апам мені қанатының астына алып, басымнан сүйеді. Өзінің бес баласының үстіне қосылған бізге кәдімгідей таяныш болды. Сол кісінің қайраттылығының арқасында мен еңсе тіктеп, өмірге басқа көзқараспен қарай бастадым.

Өз-өзіме келіп алғасын бөлек пәтерге шықтық. Мамандығым мұғалім еді. Бір жалақы неге жетсін. Содан түске дейін мұғалім, түстен кейін күзетші болуға, ал кеште еден жууға тура келді. Басты мақсатым – қайткенде де балаларымды қатарынан кем қылмай аман-есен өсіріп, адам қатарына қосу еді. Қуанатыным ержетіп қалған екі ұлым кәдімгідей қолғанатқа айналды. Ер бала болса да, үйді айнадай қылып жинап, ыдыс-аяқты жуып қояды. Кенжем «мама, жұмыстан шаршап келдің ғой, демалсаңшы» деп басымаа жастық төсеп бәйек. Өз киімдерін өздері жуып, тамақтарын пісіріп, үлкені кішілерін қадағалап, бір-біріне қамқор, бауырмал болып өсті.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети