Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Адамдары жақсы жаққа көшіп кетейікші...

21 Тамыз 2014, 13:35
0

...Бір емес бірнеше жетім бала асырап алған ресейлік азаматша Ольга Синяева түсірген «Блеф или Сновым годом» деректі фильмі жаңа туынды. Оның төңірегіндегі пікірталас әлі қызу. Бір айта кетерлігі, ерекше назар аудартқан бұл еңбек жүрегі түктінің өзін жібітпей қоймаса керек. Фильмді көруге менің де ойым кетті. Сөйтіп ғаламтордан тауып алдым оны. Қасымда бірінші сыныпта оқитын балам бар. Жетімдердің аянышты халін түсініп отыр ол да. Ал мен еріксіз көзіме жас алдым. Ұлымның түрі бұзылып: «Мама, папалары неге тастап кеткен оларды?» деп сұрғанда, «жаман адамдар да» дегеннен басқа түк түсе қоймады аузыма. Сөйтсем ұлымның:

- Адамдары жақсы жаққа көшіп кетейікші, - демесі бар ма...

Мына біз емес пе едік, жетімі жоқ елдің ұрпағы. Бірақ ол заманның келмеске кеткені қашан! Оны айтасыз әуелі бала сатамыз қазір. Бала сатудан Қазақстан дүниежүзі бойынша үшінші орында тұр, оны барша біледі. Міне, «сұмдық» деп осыны айт. Даналығы шексіз ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырып кеткен тәлім-тәрбиеміз өшіп барады. Қыз саудалап, ұлын сатқан елге айналдық.

Қазақстанда жетім балалар саны көбеймесе де азаймай отыр. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны қазір шамамен 40 мыңдай. Ал балалар үйлері 154. Мұндай мекемелер еліміздегі перзентханалар санынан көп.

Тарихқа көз жүгіртсек, соғыс аяқталған 1940 жылдары Финляндияда 50 мыңдай бала жетім қалыпты. Ел есін енді жиып жатқан аумалы-төкпелі сол заманда билік бірінші кезекте жетімдер мәселесін шешуге кіріссе керек. Сол мақсатта олар жетімдер үйін салмай, бірден үлкенді-кішілі ауылдың іргетасын қалаған. Сөйтіп бүкіл жетімді сол ауылға жинап, жан-жақтан дүйім жұртты шақырады. Бар-жоғы 3-4 жылдың ішінде әлгі ауылда бір де бір жетім қалмаған, яғни барлығын асырап алып кеткен. Ал ауыл өзінше гүлдене берген. Сонда олар егер ауылдың орнына жетімдер үйін салғанда, ондай мекемелер саны арта беретін бе еді, кім біледі. Ал мына жаһанданған заманда балалар үйі жоқ ел жалғыз екен. Ол – Израиль. Бұл елде сенесіз бе жоқ па, бірде бір жетімдер үйі жоқ. Былайша айтқанда, ешкім баласын тастамайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай