Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Жеңгем – ұры...

21 Тамыз 2014, 13:48
0

«Алаш айнасы» интернет газетінің «Отбасы – ошақ қасы» айдарын өте қызыға оқимын. Бірінен жиренсем, енді бірінен үйреніп, сабақ алуға болады. Ішіңе түйіншек боп түйілген сырыңды сыртқа шашып, ортаға тастасаң жеңілдеп қаласың дейді ғой. Мен де көптен бері көкейімде жүрген жәйды оқырман талқысына салуды жөн деп таптым. Сонымен...


Кішкене күнімде екі жағымызда іргелес тұратын көрші ағаларымның үйлену тойы өшпестей болып санамда жатталып қалыпты. «Келін түсті» деген хабарды естіген ауылдастар шақыру күтуші ме еді, бірінен кейін бірі келіп, бірі самауырға жармасып, бірі отын жарып, жиынның көркін қыздырып жатты. Біз сияқты бала біткен ары шауып, бері шауып улап-шулап жүрміз. Беташар басталғанда ақ орамал жамылған келіннен көз алмай алдыңғы жаққа жайғастық. Домбыра ұстаған жыршы ақсақалды қарттан бастап, бесіктегі балаға дейін сәлем салдырды. Ақыры беташар рәсімі аяқталып, келіннің де беті ашылды-ау. Дөңгелек жүзді, көздері ботадай, жүзі аппақ әдемі аруды көргенде «келін біткен осындай болуы керек екен-ау» деген ой санамда өшпестей болып жатталып қалыпты. Қасымда тұрған құрбым «Менің жеңгем әдемі...» деп танауы шелектей болды. Бірінші рет ішім қыз-қыз қайнап «менің жеңгем бұдан да әдемі болады» дедім. Бірақ Жаратқан ием менің бұл періште тілегімді қабыл алмапты. Ажар-көріктен де, жан сұлулығынан да жұрдай біреу келді үйге... Келіншектің аты –Болсынай екен. Бұрын-соңды мұндай есімді есітпеген біз үшін келіннің аты де, заты да жарасқан бір періште көрінді. Сыртқы сұлулығының іште де бір дүмпуі бар екен, Болсынай жеңгеміз көп өтпей-ақ ауыл аймаққа ибалылығымен, кішіпейілдігімен танылды. Енесі өле-өлгенше қызындай көріп, «Болсынайым, Болсынайым...» деумен кетті. Ене сыйлаудың, үлкен кіші сыйлаудың эталонындай болған асыл жеңешем сол... Екінші жағымызда іргелес отырған көрші ағамыздың үйленуі де қызық, тап бір ертегідегі перизатты алып келгендей болды. Көркіне көз тойғысыз әппақ періште келіншек те көп өтпей жақсы жағынан танылды. Ойын баласымыз ғой шақырусыз-ақ келінді болған үйге жетіп барамыз. Екі жеңгеміз де бірде нан жауып, бірде күбі пісіп қолдары тимей жатады. Біздің жұмысымыз жеңгелеріміздің әр қимылын бақылау. Олардың қаздай қалқып жүргені де, басымыздан сипап күлімсіргені де біз үшін қызық. Топырлай отырып алып жюрилер құсап солардың басқан ізін аңдимыз. Қып-қызыл боп піскен нанды шетінен кертіп бізге үзіп бергені де біз үшін той. Ажар-көріктері де, соған сай мінездері де үйлескен екі жеңгем қазақ келіндері осындай болуы керек екен ғой деген қағиданы мықтап санама сіңіріп тастағандай-тын. Алайда, жүре берсең көре береді екенсің ғой, келе-келе «келін деген аттан садаға кеткір» деп айтуға мәжбүрлейтін келіңдерді де көрдік. Солардың бірі өз жеңгем.


Көп қыздың ортасында өскен ағам жалғыз, жалғыз бала болған соң бар тәтті-дәмді соның аузында болатын. Әке-шешем де, ата-анам да бір сол деп басынан құс ұшырмай өсірді. Ағам да көріктен кенде емес, бұйра шашты, ұзын бойлы, қыз біткеннің арманы болатын. Ұйықтағанда көзін жартылай жұмып ұйықтайтын. Әжем «келіншегі сұлу болады» деп отыратын. Алайда...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай