26 тамыз 2014 14:04

Жасы кішіге күйеуге тию бақ па, сор ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бұрын жасы кіші ер адамға тұрмысқа шығатындар некен-саяқ кездесетін. Және ондай жағдай болған күннің өзінде ешкім оны бадырайтып айтпайтын. Қарап отырсақ, отырған қыздар арасында бүгінгі күні жас жігіттерге күйеуге шығу белең алған сықылды. Осы тақырыпқа қатысты өзім куә болған мына бір жайттарды «Алаш айнасы» оқырмандарының талқысына ұсынбақпын.


Бұрын жасы кіші ер адамға тұрмысқа шығатындар некен-саяқ кездесетін. Және ондай жағдай болған күннің өзінде ешкім оны бадырайтып айтпайтын. Қарап отырсақ, отырған қыздар арасында бүгінгі күні жас жігіттерге күйеуге шығу белең алған сықылды. Осы тақырыпқа қатысты өзім куә болған мына бір жайттарды «Алаш айнасы» оқырмандарының талқысына ұсынбақпын.

Менің бөлем бұрын тұрмыста болған еді. Күйеуі ұрда-жық болып, онымен дәм-тұзы жараспады. Онымен ажырасқаннан кейін ұзақ жылдардан соң бөлем өзімен бірге жұмыс істейтін Самат атты жігітті үйіне кіргізіп алды. Саматтың жасы одан 8 жас кіші. Бұрын үйленбеген.

Бөлем сатушы болып істейтін дүкенде Самат күзетші екен. Басында басыбайлы баспана жоқ, пәтер жалдап жүрген жігіт. Бастапқыда бөлеммен ойнап-күліп оның үйіне келіп жүрсе керек. Кейін бөлем одан жүкті болып қалады. Содан соң Самат оның қолына біржола кірді. Обалы нешік, екеуі тап-тамаша үлгілі отбасы болып тұрып жатыр. Бастапқыда Саматтың туыстары «кәрі кемпір алдың» деп бұл үйге жоламайтын, кейін ақырын-ақырын араласа бастады.

Бөлем жас біреуге кетіп қала ма деп уайымдайтын болуы керек, Саматты артық-ауыс ешқайда жібермейді. Кластас достарымен араластырмайды. Қартайып қалдым ба деп ойлай ма, бір жылдары қымбат опа-далап сатып алып, бетін әрлеуге барын салып жүрді. Бірақ оған ақша қашанғы жете берсін, оны да қойды.

Бөлемнің бастығы болып келетін Толқын атты кәрі қыз да жас жігітпен қол ұстасты. Ол өзінің жүргізушісін үйіне кіргізіп алды. Үлде мен бүлдеге орады. Екеуі ұзақ жылдар бойы перзент көрмей жүрді, кейін Алматыға барып жасанды ұрықтандыру жасатқызып, егіз балалы болды. Қазір жақсы отбасы болып өмір сүріп жатыр.

Тағы бір құрбым өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып алды. Жалпы, қазіргі қыздардың бойынан жас жігітпен жүруге деген құмарлық байқаймын.

Бірде өзінен 25 жас үлкен адаммен отбасын құрған Нұргүл атты құрбымның үйіне бардым. Олар дәулетті тұрады.

–Үлкен адамға тұрмысқа шыққан жақсы шығар, иә? Өзіңді сыйлайды. Мінезі де салмақты болар... – дедім.

–Жоқ, мүлде олай емес, - деді Нұргүл жұлып алғандай. – Үлкен адамның әйелі болсаң, күнде табақ тасып, кісі күтіп, салпылдап жүргенің шаруадан бас алмай. Және төсекте де бұлар онша болмайды. Мен бұрын жас жігіттермен жүргенде жан дүнием жасарып, олармен дискотекаға барып, өзімді керемет сезінетінмін. Енді, міне, шалдың жанында жүріп кемпір сияқты болдым.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети