Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Абысынымның өмірі – ғажап, менің өмірім – азап

27 Тамыз 2014, 15:15
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ата-енем - екі ұл, бес қыз өсірген көпбалалы отбасы. Мен үйдің кенжесіне тұрмысқа шығып, қара шаңырақта отырмын. Қайынағам отбасымен қалада тұрады. Бес қайынәпкемнің бесеуі де отау құрып, оңаша кеткен. Бірақ оның екеуі біз тұратын ауылда тұрды.

Кенже ұлға тұрмысқа шыққаныма өкінбеймін, әрине. Дегенмен оның да өз қиыншылықтары бар екенін жасырмаймын. Бұл жайындағы өз ойыммен «Алаш айнасы» интернет-газетімен бөлісуге бекіндім. Кім біледі, мүмкін, менің жазғандарым біреулерге ой салар.

Әсіресе абысынымның өміріне қатты қызығамын, әрі қызғанамын.

Ата-енем оларға жиған-тергенінің басын құрап, оның ішінде біздің еншіміздегі мал да бар, қаладан үй алып берді. Рас, қайынағам мен абысыным қаладағы жұмыстарына өз күштерімен тұрды. Оны жасырып қайтемін. Бірақ олардың сүт-май, құрт-ірімшік дегендей азықтарының бәрін ауылдан жіберіп тұрамыз. Оны дайындайтын кім, баяғы мен. Таң атар-атпастан сиыр сауып, оны ысырап етпей құрт-май жасау оңай емес.

Жыл сайынғы соғымдарына да көмектесеміз. Өзіміз береміз, болмаса, ауылдан іздестіріп жүріп, табанымыздан таусылып, айтқан бағаларына лайықтап, дұрысын тауып береміз.

Балалары мектепке барса, туған күнін тойласа, той жасаса, артынып-тартынып, азық-түлігімізді, етімізді арқалап қалаға барамыз.

Қалаға барғанда абысынымның киім-кешегіне, дүние-мүлкіне, жеке заттарына көзімнің қырын салып жүремін. Бір басында қанша тон, қанша аяқ киім бар екенін айтсам, ауылдағы көрші әйелдерім сенбейді. Рас айтамын, сонша көрсеқызар ма әлде, расымен, қалада солай киіне ме, білмеймін, киім-кешегі ит-ырғын.

Күйеуіме «Біз сауыс-сауыс болып, ауылда малдың соңында жүріп, не жөні түзу киім алмаймыз. Жеңгеңді қарашы, жаны қиналмай-ақ, жұмақта жүргендей шалқып өмір сүріп жүр. Ең болмаса, ұялмай киетін бір тон, анда-санда тағатын әдемі әшекейден алып бермейсің бе?» деп ішімдегіні ақтарып, бір сөйлеп қаламын. Ондайда үндей алмайды. «Енді олар қалада жүр ғой. Өзіңді өйтіп салыстыра берме. Сенің өз артықшылықтарың бар» деп мені алдаусыратып қояды. Бірақ дегеніме көндіріп, қажетімді алғызып аламын.

Қайынағам ата-енемді өткен жылы 10 күнге санаторийге жатқызды. Екеуі риза болып келді. Қайынағам мен жеңгемді мақтай бергендерінен құлағым сасып кетті. Тіпті тыңдағым да келмейді. Олар секілді қалада шалқып өмір сүріп жатсам, мен қайын жұртымды санаторий тұрмақ, аспанға шығарар едім.

Әсіресе енемнің «Айнагүлдің (абысынымды айтады) мінезі жібектей ғой, айналайын. Артық сөзі, басы артық қылығы жоқ» деп мақтайтынына, «Әлимам өзім сияқты қызба мінезді. Бірақ есейе келе қояды ғой онысын» деп өтірік көлгірситініне жыным келеді.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай