27 тамыз 2014 17:01

Қолтаңбаңды көрсет, мінезіңді айтайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бүгінгідей жоғары технология қарыштап дамыған заманда бірдеңеге таңғалу мүмкін еместей. Десек те, күнделікті өмірімізде кездесетін кішігірім нәрселердің кейде назарымыздан тыс қалып жататыны бар. Мәселен, графология - яғни жазу, қолтаңбаға қарап адамның бүкіл болмыс-бітімін тану, соған қарап психологиялық портрет жасалатындығы, оның криминалистикада кеңінен қолданылатыны ... кейбірімізге белгісіз аралдай.


Бүгінгідей жоғары технология қарыштап дамыған заманда бірдеңеге таңғалу мүмкін еместей. Десек те, күнделікті өмірімізде кездесетін кішігірім нәрселердің кейде назарымыздан тыс қалып жататыны бар. Мәселен, графология - яғни жазу, қолтаңбаға қарап адамның бүкіл болмыс-бітімін тану, соған қарап психологиялық портрет жасалатындығы, оның криминалистикада кеңінен қолданылатыны ... кейбірімізге белгісіз аралдай.

Расында, бұл таңғажайып ғылымның саласы елімізде анау айтқандай қанатын кеңге жайған десек өтірік болар. Дегенмен осы салада тер төгіп жүргендер баршылық... Арқанкергендегі атышулы оқиғадан кейін қазақстандық Полиграфологтар ассоциациясының төрағасы Сергей Алесковский Челахтың әжесіне жазған хатына қарап, оған мінездеме жасаған болатын. «Оның жазуы өте ұсақ әріптермен жазылған, ондай адамдар тез шешім қабылдай алмайды. Әр әріп өзінше бөлек тұр. Бұл дегенің - логикалық ойлау қабілеті нашар деген сөз. Сарбаздың «әскерде бәрі жақсы» дегені өтірік. Оны жазулары теріске шығарып тұр» деген-тін. Эксперт Челахты тез әрекет ету мен қатыгездік жасау қолынан келмейді деп бағалаған болатын. Бірақ мұндай мәлімдеме де, қорытынды да заңдық негіздеме болып табылмайды. Тіпті еліміздің заңдарында графологиялық экспертиза деген заңдық негіздеме атымен жоқ. Сотта да заңдық негізі бар құжат болып табылмайды. Бірақ тергеу кезінде анонимді хаттарға графологиялық зерттеу жүргізіледі. Ол көмекші құрал ретінде ғана жүреді. Дамыған елдер графологияға жоғары деңгейде мән беріп отырғанда, елімізде бұл сала дамымаған десе де болады. Батыс елдерінде тестке енгізіліп, АҚШ-та мойындалған ғылым. Бүгінде шетелдік фирмалар арнайы графолог маман жалдайды. Жұмысқа қабылданған адамдарды жазуына қарап, соның сүзгісінен өткізіп отырады. Ал көптеген жастар графологтардан өзінің қай мамандыққа бейім екенін білу үшін барады. Графология грек тілінен аударғанда «жазу арқылы танып білу» деген мағынаны білдіреді. Яғни жазуға қарап адамның ерекшеліктерін білуге болатын ғылым. XX ғасырдың екінші жартысына дейін графология ғылымы психиатрия мен криминология ғылымының бір бөлшегі ретінде қарастырылып келді. Медицинада графология ми мен нерв жүйелеріне диагностика қоюда көмекші құрал ретінде қолданылады. Ресей мен шетелдерде графологтардың қорытындысы тергеу кезінде соңғы орында тұрады. Психикалық ауытқуы бар адамды нағыз графолог дәрігерден бұрын нақты диагнозын қойып бере алады. Графологияның каллиграфия атты тағы бір саласы бар. Ол да қолтаңбатану.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети