30 тамыз 2014 12:28

Отқа май құйғанмен, діннен шыққан қазақ жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

kz.otyrar.kz kz.otyrar.kz

 Келін босағадан аттап түскенде отқа май құйғызу – қазақтың тәңірлік сенімге иланған кезінен, бәлкім, одан да ертеректен келе жатқан ежелгі дәстүрі. Бұл дәстүрдің Ислам шариғатымен байланысы жоқ. Ескеретін басты мәселе – тәңірлік сенімнен қалған ырым-тыйымдардың қазіргі күні ғұрыптық (ритуалдық) жағы ғана сақталып, сенімдік жағы, мазмұны мүлде өзгеріп кетті. Мұндай ырымдарды қазір ешкім ежелгі түсініктерге негіздеп ұстанбайды.

Ақ босаға аттап, отқа май құйып жатқан қазіргі келіндер бұл ырымды от пен майға табынғандықтан емес, ата-баба дәстүрін құрметтегендіктен, «бұрынғы-соңғының жолы» деп жасайды. Яғни қазақы танымда қалыптасқан «шырағым сөнбесін», «отым өшпесін» деген игі тілекпен отқа май құяды. «Оттың өшпеуі», «шырақтың сөнбеуі» қазақ үшін азаматының, отбасының аман болуы, шаңырағының шайқалмауы, ел-жұрттың тыныштығы дегенді білдіреді. Сонымен қатар көшпенді қазақ елі үшін оттың өшпеуі тәжірибелік мәнге де ие болған. Үнемі оттық табыла бермейтін, шақпақ таспен от тұтата алмай қиналатын көшпенді бабаларымыз түнгі оттың қоламтасын күлге көміп, таң атқанша сөніп қалмауын қамдаған. Таңертең оты өшпеген үйдің жылуы кетпейді, от тұтата алмай қиналмайды, дәрет суы дайын тұрады, ас-суын да жылдам даярлайды, яғни әрбір ісінің берекесі болады. Сондықтан оттың өшпеуі сол үйдегі келіннің ширақтығын, ептілігін, іске икемділігін көрсетеді. Оты өшіп қалғандар әдетте таң атпай асығып-үсігіп, көрші үйлерді мазалап, қоламта сұрап жүреді. Қазақтың асығыс жүрген адамға «от ала келдің бе?» дейтіні осыдан шыққан. Осы тәжірибе мен тағылымның барлығы отқа май құю үрдісінде жинақталған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети