Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.56
EUR / KZT - 374.46
CNY / KZT - 48.08
RUB / KZT - 5.51

Нағашы ағамнан көңілім қатты қалған

05 Қыркүйек 2014, 15:42
0

Қазақта "Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, нағашы және қайын жұрты" деген сөз бар. Олардың әрқайсысына берілген баға да бар. Атап айтқанда, өз жұртың күншіл келеді, бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды дегендей. Ескіден қалған сөздерге сүйенсек, олар жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді екен. Қайын жұртың міншіл келеді. Қолдың ұзындығы мен жағыңның қызылдығына қарайтын көрінеді. "Берсең, жағасың, бермесең, дауға қаласың", - дейді халық даналығы. Осылардың арасында нағашы жұртқа ерекше бағалайды. Көнекөздер "Нағашы жұртың сыншыл келеді. Жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады" деген сөзді құлағымызға құйып өсірген. Әрине, олардың барлығы дәл осы секілді деп айта алмаймыз. Ауызбірлігі жарасқан өз жұртың да бар. Қайын жұртың да жақсы болса, олар да өз ағайының болып кетуі ғажап емес. Нағашы жұрттың да қайырымын көрмей жүрген жандар баршылық.

Менің анамның бір ағасы, бір сіңлісі болды. Неге екенін қайдам, біз нағашы жұрттың алақан жылуын көріп өстік деп айта алмаймыз. Осы жұрттағы ата-әжеміздің көзі тірі кезінде олардың үйінен шықпайтын едік. Қариялар біздің басымыздан сипап, қалтасындағы тәттісі мен кәмпитін үлестіріп отыратын. Жарықтықтар біздің бетімізге келіп көрген емес. Олар жайында ешқандай реніш сөзіміз жоқ. Қолында барды бізден аямайтын. Бұл өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында болған оқиға еді.

Ата-әжеміз өмірден өткеннен кейін біз ондай жылылықты көре алмай өстік. Анамның ағасы дүниеге жақындау адам еді. Ол кезде біздің отбасы да дәулетті тұратын. Қора толы қойымыз, жылқы мен түйеміз, сиырымыз бар-тын. Сол кезеңде анамның ағасы біздің үйден шықпайтын. Өзімнің атам да қолы кең адам еді. Нағашы ағамызды әрбір келгенінде құр қайтармайтын. Кем дегенде қолына бір қой жетектетіп жіберетін. Ол кісі де осыған әбден дәнігіп алған болуы керек, біздің үйге жиі келгіштей беретін. Бала болсақ та, соны сеземіз. "Көкейін дүние тесіп кеткен бе" деп ойға қалатын едім. Өзге балалардың нағашылары жиендерінің маңдайынан иіскеп, өз мейірімін көрсетіп жатқанына қызығатын едім. Біздің нағашы ағамыз ешқашан ондай мейірімін көрсеткен емес. Оған тек ақша, дүние болса, жетіп жатыр. Анам байғұс ол кісі келгенде құрақ ұшып, барын алдына тосып жататын. Өз әулетіндегі жалғыз ұл болғандықтан, сондай құрмет көрсеткен шығар. Анам ол кісіге ешқашан реніш білдірген емес. Білдірсе де, оны ешқашан ешкімге сездірмеді.

Соған қарамастан нағашы ағамыз ешқандай жоқшылықта өмір сүрген жоқ. Есік алдында 2-3 көлік тұратын. Өзі техникаға жақын адам еді. Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында бір үйде 2-3 көліктің тұруы таңсық көрінетін. Әрине, оның барлығын сатып алған емес. Кейбіреуін өзінің қолынан құрап алған. Ендігісін біреу тарту еткен. Әйтеуір, өзінің бас қамымен сұрамсақ қасиетін солайша басқаларға да жасаған болуы керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай