Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.83
EUR / KZT - 349.96
CNY / KZT - 45.13
RUB / KZT - 5.50

Күйеуім намаз оқығысы келеді, мен қарсымын

08 Қыркүйек 2014, 09:45
0
Нұрғиса Елеубеков (фото)
Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Құрметті "Алаш айнасы" интернет-порталының ұжымы сіздердің сайттарыңыздағы "Отбасы – ошақ қасы" айдарында көптеген отбасылық мәселелер қозғалып жүр. Бүгін мен де өзімнің сырласыма айналған осы бір айдар арқылы оқырманға басымнан өтіп жатқан мына бір жайтты жолдап отырмын. Егер көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.

Менің тап осы жазбамды оқыған біраз қауым мені "дінсіз, мұсылмандыққа қайшы әрекет жасаушы" деп қабылдауы да мүмкін. Бірақ біздің отбасындағы қазіргі жағдайдың тым шиеленісіп кеткені мені қатты алаңдатуда. Сондықтан, осы бір жайтты қағаз бетіне түсіруді дұрыс деп ойладым.

Осыдан бір жарым жыл бұрын біз сүттей ұйыған отбасы едік. Ал қазір біздің шаңырақтың татулығы шайқалған. Бұған нақты себеп күйеуімнің діндарлыққа бет бұрғысы келетіні. Ақиқатын айту керек, кезінде менің күйеуім де, арақ-шарапты ішті, қыз-қырқынға қырындады, той-томалақтың «гүлі» де бола білді. Тіпті ол осындай ырду-дырдудан әбден шаршаған мені "модадан қалғансың" деп те сөгетін. "Елдің әйелдері тәрізді ішетін жерде ішіп, билейтін жерде билеп, күлетін жерде күліп неге жүрмейсің" деп талай мәрте тұқыртқан кезі де болды. Ондайда балаларымды құшақтап бір Аллаға шүкіршілік етіп үйде қала беретін едім.

Өміріміз осылай жалғаса беретін бе еді кім білсін? Бір күні ол үйге басқа жұмысқа ауысатынын айтып келді. Сөйтіп, қаладағы белгілі бір компанияға көлік жүргізуші болып жұмысқа тұрды. Мен бұған "жалақысы да әжептәуір, ортасы да өзгерді" деп қуаныңқырап жүрдім. Сол жұмысқа кіргелі бері күйеуімнің мінезі қатты өзгере бастады. Бір жақсы жағы ол бұл жұмысқа кірген соң ішімдік атаулыны мүлдем татып алмайтын болды. Көлігіне құранның сүрелерін іліп, тіпті үйге мұсылман дініне қатысты кітаптар әкеліп оқи бастады. Бастапқыда бұған ішім жылып, бұл әрекеттерін құптап кейде дін-ислам туралы кітаптарды өзімде сатып әперіп жүрдім. Біртіндеп ол көлігіне отырған бетте құран сүрелерінің аудио таспасын қосып қоятынды шығарды. Мен бұған тіптен қуанып туған-туыстарыма «мынау бір жақсы нышан болды» деп мақтанышпен жеткіздім. Одан кейін бақилық болған ата-бабаларымызға, туған-туыстарымызға құран бағыштауды үйреніп, дұға-тілегін айтып отыратыны тіптен көңілімді марқайтып жүрді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай