08 қыркүйек 2014 09:55

Оқулықтан тапшылық тудырғандар жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Өткен аптада мәжілісмендер оқулық тапшылығы туралы мәселені дүр көтеріп, білім министрлігінің жаңа оқу маусымындағы былығына жұрттың назарын аудартқан. Тіпті «жылма-жыл жаңа оқулық шығару білім министрлігінің жеке бизнесі болып алды» дегенді депутаттар айтып та қалды. Бұны "Алаш айнасы" порталы да (Жемқорлық оқушының оқулығына да жеткені ме?) назарға ілген. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі арнайы брифинг өткізді. Рас, ресми министрлік аймақтарда оқушылар үшін оқулық тапшылығы орын алып отырғанын мойындайды, алайда бұған өздерін емес, өңірдегі бөлім басшыларын айыптайды. Тіпті министр Аслан Сәрінжіпов оқулықтан тапшылық тудырғандарды жазаға тарту туралы әкімдерге хат та жолдапты.

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мониторинг арқылы бірнеше облыстың, әсіресе аудандық білім бөлімдерінің мектептерге оқулықтарды толық жеткізбегендігін анықтапты. "Ақмола облысында Сандықтау, Жақсы, Шортанды аудандары мен Степногор қаласында, Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласында, Қостанай облысында Жетіқара ауданы мен Лисаков қаласында, Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың, Айыртау, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Жамбыл, Ақжар, Мағжан Жұмабаев аудандары мен Петропавлда және Қызылорда қаласында оқулықтар жетіспейді", - дейді Жаңыл Жонтаева. Сөйтіп, Мәжіліс министрлікті айыптаса, министрлік аудандық, қалалық білім бөлімінің басшыларын жазалаймыз деп отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети